Бүгін Павлодар облысына ауа райы қатты соқты — Екібастұз әкімдігі жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай режимін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлады.
Жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдайды жариялау туралы тиісті шешім жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды.
«2026 жылдың 19 шілдесінде болған гидрометеорологиялық құбылысқа байланысты Екібастұз қаласының аумағында жергілікті деңгейдегі табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялансын», — делінген құжат жобасында.
Жобада көрсетілгендей, ТЖ режимі Екібастұз қаласының аумағындағы табиғи сипаттағы төтенше жағдайдың салдарын жою үшін енгізіледі.
Бүгін Павлодар облысына ауа райы қатты соққаны белгілі болды. Атап айтқанда, Павлодар қаласында қатты жаңбыр, бұршақ, найзағай және жел болды. Аймақта адамдар зардап шекті.


