Йорктың бұрынғы герцогы Эндрю Маунтбаттен-Виндзор Джеффри Эпштейннің құжаттарына қатысты іс бойынша тұтқындалуына байланысты Темза алқабының полициясына (Thames Valley Police) қарсы сот ісін бастады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
The Telegraph басылымына белгілі болғандай, экс-принцтің сегіз ай бұрынғы ұсталуы қоғамда үлкен резонанс тудырған. Енді ол полицияның өзіне қатысты әрекеттері заңды болды ма, соны анықтауды сұрап сотқа жүгінді.
Ол Сандрингем поместьесіндегі үйі мен Виндзордағы бұрынғы Роял-Лодж резиденциясында полицияның тінту жүргізуіне мүмкіндік берген ордерлерге қатысты соттық қайта қарау туралы талап қою арызын берді.
Бұл — 1649 жылы Карл I сотынан бергі король отбасы мүшесінің өзіне қатысты қылмыстық қудалаудың заңдылығына дау айтқан алғашқы жағдайы. Оның адвокаттары Темза алқабының полициясының сұрауы бойынша Орталық қылмыстық соттың (Олд-Бейли) судьясы берген тінту ордерлерінің заңдылығын тексеруді көздеп отыр.
Басылымға белгілі болғандай, осы аптада Жоғарғы сотта осы таласқа қатысты кейбір сот құжаттарын жария ету мәселесі қаралатын жабық тыңдау өтеді.
Еске салайық, ақпан айында біз экс-принц Эндрюді ресми лауазымдарды атқарған кезеңде өз мәртебесін асыра пайдаланды деп күдіктенетінін жазғанбыз. Бұған дейін Эндрю кәмелетке толмағандарды жыныстық саудаға сатуға айыпталған және 2019 жылы түрме камерасында асылып өлі табылған Эпштейнмен тығыз байланысы туралы белгілі болған соң, ханзада атағынан айырылған еді.
Маунтбаттен-Виндзордың өзі Эпштейн ісіне қатысты кез келген құқық бұзушылықты әрдайым жоққа шығарып, онымен достығына өкінетінін мәлімдеген. Айтпақшы, Карл III қарсаңында бұл жағдайға пікір білдірген.
Сондай-ақ Ұлыбритания королі Карл III-нің інісі Эндрю Маунтбеттен-Виндзордың шамамен 12 сағатқа созылған жауап алудан кейін босатылғаны белгілі болды. Кейін БАҚ-та экс-принц Эндрю мен баланың қорқынышты суреттері пайда болды.


