Қаржы мониторингі агенттігі Интерполдың көмегімен халықаралық іздеуде жүрген Ұлан Байболовты Қазақстанға қайтарды. Оны Корея Республикасынан экстрадициялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Тергеу деректері бойынша, Байболов салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді жүйелі түрде айналып өткен ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі болған.
«Қылмыстық әрекет схемасы кәсіпорындарды номиналды басшыларға сатып алу және қайта тіркеу, олардың банктік шоттары арқылы қаржы операцияларын жүргізу, салық есептілігіне әдейі бұрмаланған мәліметтерді енгізу және кейіннен ақшаны жнақтау болды», — деп хабарлады агенттікте.
Схемада қолданылған кәсіпорындардың бірі «Сфера» ЖШС болды — 2014 жылы Байболов осы компанияның директорының орынбасары болып тағайындалды. Топ мүшелері ЖШС-тің есеп айырысу шоттарынан 2,5 млрд теңгеден астам ақшаны жнақтаған, ал қосымша есептелген салық сомасы 1 млрд теңгеден асты.
Сот Байболовқа қатысты күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады. Іс бойынша тергеу жалғасуда, өзге ақпарат Қазақстан ҚПК-нің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.
Агенттікте адам заңда белгіленген тәртіппен кінәсі дәлелденіп, заңды күшіне енген сот үкімімен расталғанға дейін кінәсіз болып саналатынын еске салды.


