Қазақстанға World Business Consulting қаржы пирамидасын ұйымдастырушы экстрадицияланды, деп хабарлайды infohub.kz.
Елордалық Қаржы мониторингі агенттігі (ҚМА) департаменті қаржы пирамидасының құрылымдық бөлімшесін құрып, басқарған іс бойынша тергеуді аяқтады. Тергеу дерегінше, 2020 жылы күдікті азаматтардың ақшасын жоғары кіріс уәде етіп, инвестициялық бағдарламаларға қатысу деген сылтаумен тартқан. Компанияның лицензиясы болмаған және іс жүзінде инвестициялық операциялар жүргізбеген.
«Қаражаттарды тарту қолма-қол түрде, бухгалтерлік құжаттарсыз жүзеге асырылған. Заңдылық көрінісін жасау үшін салымшыларға онлайн-платформада жеке кабинеттер ашылып, онда «кірістілік» жалған көрсетілген», — деп мәлімдеді ҚМА. Түскен қаражат пирамиданың классикалық схемасы бойынша бөлінген: бұрын тартылған қатысушыларға төлемдер жаңа салымшылардың есебінен жүргізілген. Клиенттік базаны кеңейту үшін презентациялар, үгіт-насихат шаралары және БАӘ мен Түркияға сапарлар пайдаланылған.
Схеманы іске асырудың бастапқы кезеңінде тоқтатты. 2024 жылы күдікті халықаралық іздеу жарияланды, сот оған сырттай қамауға алу санкциясын берді. 2026 жылдың қаңтарында әйел Грузияда ұсталып, Қазақстанға экстрадицияланды. Сот санкциясымен оның жер теліміне тыйым салынды. Қылмыстық іс сотқа жіберілді.
Жыл басынан бері ҚМА 15 қаржы пирамидасын жойды. Зардап шеккендерге шығынды өтеу үшін ұйымдастырушылардың мүлкіне жалпы сомасы 662 миллион теңгеге тыйым салынды. Алдын алу шарасы ретінде әлеуметтік желілерде 25 мыңнан астам қатысушысы бар 22 чат бұғатталды, ал «Киберқадағалау» жүйесінде құқыққа қайшы мазмұн белгілері бар 1,1 мың сайт пен аккаунт бұғатталды. ҚМА азаматтарды сақ болуға және күмәнді қаржы ұйымдарына қаражат салмауға шақырды.


