Вьетнамнан Қазақстанның құқық қорғау органдарынан жасырынып жүрген шетел азаматы экстрадицияланды, деп хабарлайды infohub.kz.
Тергеу нұсқасы бойынша, 2022-2023 жылдары күдікті серіктесімен бірге Алматыда заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, 12 миллион теңгеден астам қылмыстық кіріс тапқан.
Қылмыс жасалғаннан кейін бір күдікті ұсталып, қылмыстық жауапкершілікке тартылса, екіншісі құқық қорғау органдарынан жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланған.
Ақпан айында күдікті Вьетнамда ұсталып, Қазақстан Бас прокуратурасының сұрауы бойынша елге қайтарылды.
Қазір ол тергеу изоляторына жабылды. Тағылған айып бойынша оған бес жылға дейін бас бостандығынан айыру және мүлкін тәркілеу жазасы қарастырылған.


