Эльбруста екі күн ішінде алты альпинист қаза тапты. Құрбан болғандар – Босния және Герцеговина туристері мен бір ресейлік, деп хабарлайды infohub.kz.
Босния және Герцеговинадан келген жеті альпинист 24 шілдеде тауға шығуды бастады. 25 шілде кешке ауа райының нашарлауы салдарынан топ маршруттан адасты.
Қатысушылардың бірі төменге түсіп, 5,1 мың метр биіктікте екі адамның жағдайы нашарлап, көз жұмғанын айтты. Кейін олардың денелері табылып, эвакуацияланды.
Сондай-ақ Босния және Герцеговинадан тағы бір тірі қалған турист табылды. Көп ұзамай құтқарушылар топтың қалған үш мүшесінің денесін тапты – жеті адамның тек екеуі ғана аман қалды.
Бұдан бөлек, тағы бір қайғылы оқиға болды: басқа альпинистер тобында бір қатысушы тауға шығу кезінде қайтыс болды. Бұл альпинистер Ставрополь өлкесі мен Тула облысынан келген.


