Ана тілі 2 - сынып
Тақырыбы: Еліктің лағы
Мақсаты: Мәтінді шапшаң оқып, өз ойын еркін айтуға дағдыландыру, ауызша, жазбаша байланыстырып сөйлеуге үйрету.
Тәрбиелік мақсаты: Балалардың бойындағы рухани - адамгершілік қасиеттерін дамыту, дүниетанымын кеңейту, имандылыққа тәрбиелеу.
Дамытушылық мақсаты: Шығармашылық қабілетін дамыту. Логикалық ойлау қабілетін арттыру, өз сөзімен әңгімелеуге, ой тұжырымын жолдауға дағдыландыру.
Сабақтың түрі: Жаңа сабақты түсіндіру.
Сабақтың әдісі: Әңгімелеу, сұрақ - жауап.
Сабақтың типі: Жеке, жұптық, ұжымдық.
Пәнаралық байланыс: Дүниетану
Сабақтың көрнекілігі: Интерактивті тақта, еліктің суреті, торсық, мылтық, дүрбі, тымақ, түсіндірме сөздік.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру кезеңі
Үй тапсырмасын сұрау.
«Бұлбұл мен тоқылдақ» мысал өлеңді мәнерлеп оқыту
Үй тапсырмасын қорытындылау
Жаңа сабақ
Үнтаспадан тыңдау
1. Жаңылтпашты жаңылмай айтуға жаттық
*Жабайы маралдар бар,
Араларында жаралы маралдар бар.
*Еліктер керіктерге еліктеді ме?
Керіктер, еліктерге еліктеме.
2. Тыйым сөздерді жаттап ал.
Киікті атқанды киесі ұрады,
Елікті атқанды егесі ұрады. (керік, елік, марал суреттерін көрсету)
3. Мамытбек Қалдыбаевтың өмірі мен қызметі туралы айту.
4. Тізбек әдісімен оқыту.
5. Сурет бойынша әңгіме. Тақтадағы сурет бойынша, әрбір азат жол бойынша түсіндіру.
ЕЛІК
↓
Жабайы жануарлар
Бұғы тұқымдас
Тез жүреді
Якут тілінде «елік» сөзі «тез», «шапщаң», «епті» деген мағына береді. «Еліктің лағындай» деген теңеу әдемілікті білдіреді.
Сөздік жұмысы.
Шоқы - тік, биік төбе. Нысана - көздеп ататын жер. Қарауыл - күзет.
Мылтық - дәрімен ататын ұзын ұңғылы қол қаруы.
Тымақ - аң терісінен тігілген, суықта киетін баскиім.
Дүрбі - алыстағыны жақындатып көрсететін оптикалық құрал.
Жанторсық - ішіне сусын құйып, ердің қанжығасына байлап жүретін ыдыс.
Оқулықтағы суретпен жұмыс. Еліктің лағы туралы оқушылардан сұрақ бойынша жауап алу.
--- Суретте не бейнеленген?
--- Бойы қандай? Өзі қандай? Көзі қандай?
Суретке қарап өлең құрапстырамыз.
Ботақаным лағым
Сылдырап аққан бұлағың.
Су іше ғой, кәнеки
Күтіп сені тұрамын.
Секең - секең лағым
Сарқырап аққан бұлағың.
Су іше ғой, кәнеки
Күтіп сені тұрамын.
Сабақты қортындылау.
1. Бүгінгі өткен мәтіннің аты қандай?
2. Мәтін несімен ұнады?
3. Аңшы қандай адам?
4. Аңды неге атпады
Бағалау.
Үйге тапсырма.
Мәтінді түсініп оқу. Еліктің лағының суретін салу.
Қызылорда облысы,
Жаңақорған ауданы, №3 мектеп - интернат
Бастауыш сынып мұғалімі Егенбергенова Салима
Еліктің лағы
Тақырыбы: Еліктің лағы
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз562 қаралым
#елік#еліктің лағы#жабайы жануарлар#еліктер#керік#марал#еліктің лағы сабақ жоспары
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

