Лондонның Жоғарғы соты Митч Уайнхаусты марқұм қызы, әнші Эми Уайнхаустың құрбыларына сот шығындарын өтеуге міндеттеді. Бұған дейін ол оларды әншінің жеке заттарын заңсыз сатты деп айыптаған еді, деп хабарлайды infohub.kz.

Әкесі мен Эмидің жақын құрбылары арасындағы сот талқылауы Митчтің толық жеңілісімен аяқталды. Сот оған 2,7 миллион доллар көлемінде зиянды өтеу және сот шығындарын төлеуді міндеттеді.

Бұған дейін Митч Уайнхаус талап қойып, қыздардың 2021–2023 жылдары АҚШ-та әншінің 155 жеке затын, оның ішінде киімдерін, балет аяқ киімдерін, зергерлік бұйымдарын және 2011 жылғы соңғы гастрольдік сапарындағы көйлегін аукционға қоюға құқығы жоқ деп мәлімдеген еді. Сауда-саттық 1,4 миллион доллардан астам табыс әкелді. Әкесі құрбылар сату фактісін одан жасырып, ақшаны иемденіп алды деп айыптаған.

Алайда судья Сара Кларк Митчтің қыздардың ниеті туралы басынан білгенін және айыптауды аукциондар аяқталғаннан кейін ғана қойғанын анықтады. Судья оның талабын әлсіз және агрессивті деп атап, Эми Уайнхаустың әрқашан жақындарына жомарт болғанын және оларға жиі заттар сыйлағанын атап өтті. Сот шешімі бойынша, Митч жауапкерлердің шығындарын өтеуге міндетті, себебі оның әрекеттері олардың беделі мен денсаулығына зиян келтірді.