Америка Құрама Штаттарында үздік телешоулар мен сериалдарды, сондай-ақ оларға қатысушыларды марапаттайтын «Эмми» телевизиялық сыйлығын тапсыру рәсімі өтті, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Марапат саны бойынша көш бастаған — HBO арнасының «Питт» медициналық драмасы. Ол үздік драмалық сериал деп танылды. Басты рөлді сомдаған Ноа Уайл осы шоудағы үздік ер рөлі үшін «Эмми» алды.

Apple TV платформасының «Бухта вдов» қорқынышты комедиясы «Үздік комедиялық сериал» номинациясында жеңіске жетті. Стивен Рут осы сериалдағы үздік екінші пландағы ер рөлі үшін, ал Кейт О'Флинн үздік екінші пландағы әйел рөлі үшін «Эмми» алды.

«Бухта вдов» шоураннері Кэти Дипполд жобаға оның «Хэллоуинді әрдайым қызықты ететін» анасы шабыт бергенін айтты. «Apple TV-ге өзіміздің жынды шығармашылық ойымызға ерік беруге мүмкіндік бергеніңіз үшін рақмет», — деді ол марапаттау кезінде.

«ГКС. Сент-Луис» қара комедиясы «Үздік мини-сериал» номинациясында жеңімпаз атанды.

Драмалық сериалдағы үздік әйел рөлі үшін «Плюрибус» жобасындағы рөлі үшін Рэй Сихорн марапатталды. Сондай-ақ осы жобаның сценарий авторы Винс Гиллиган да сыйлыққа ие болды.

Драмалық сериалдағы үздік екінші пландағы рөл үшін Netflix платформасының «Дипломатка» сериалында ойнаған Эллисон Дженни марапатталды.

Мини-сериалдағы үздік ер рөлі үшін Мэттью Ривз (Netflix платформасының «Чудовище внутри меня» жобасы) марапатталды.

Сонымен қатар, Джин Смарт HBO арнасының «Хитрости» сериалындағы үздік әйел рөлі үшін «Эмми» алды.