Математика 5 сынып
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Сабақтың мақсаты:
Білімділігі: Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару кездегі білімдерін міндетті және мүмкін деңгейде тексеру, ойда сақтау
қаблетін дамыту.
Дамытушылық: Логикалық ойлау қабілеті мен есептеу дағдыларын жетілдіру, белсенділіктерін арттыру, пәнге қызығушылығын ояту,
оқушылардың құзыреттерін қалыптастыру.
Тәрбиелік: Оқушылардың өз ойын толық және дұрыс жеткізе білуіне, тапқырлыққа, шапшаңдыққа тәрбиелеу.
Сабақ түрі: Қайталау сабағы
Сабақтың көрнекілігі: деңгейлік тапсырмалар, интербелсенді тақта, кітап
Оқытудың әдісі: практикалық, топпен жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Мотивациялық кезеңі
а) Сәлемдесу
ә) Сабақтың мақсатымен таныстыру
б) Үй тапсырмасын тексеру
1. Ұйғарым ақиқат па?
1. Егер сан 3 - ек бөлінсе, ол сан 9 - ға да бөлінеді. (жалған)
2. 1 саны жай санға да, құрама санға да жатпайды. (ақиқат)
3. 120005 құрама сан (ақиқат)
4. 147 адамды 3 топқа бөлуге болады. (ақиқат)
5. 25 пен 12 – сандары өзара жай сандар (ақиқат)
6. 1 - ге және өзіне ғана бөлінетін натурал сандар құрама сандар. (жалған)
7. ЕҮОБ (8; 16) = 4 (жалған)
8. ЕКОЕ (12; 48) = 12 (жалған)
9. ЕКОЕ (7; 20) = 140 (ақиқат)
10. ЕҮОБ (28; 42) = 14 (ақиқат)
13 5 11 13
2. a: b бөліндісінің мәнін табыңдар және де кестеде қандай сөз жасырылғанын тап.
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару. жүктеу
Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
Сабақтың тақырыбы: Ең үлкен ортақ бөлгіш пен ең кіші ортақ еселікті табуға есептер шығару
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

