Ауысымдық жұмыс кезінде жұмыс істелген сағаттардың есебі күніне стандартты сегіз сағатпен емес, бүкіл ай бойынша жиынтық түрде жүргізіледі. Бұл туралы ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі еске салды... деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Жалақыны қалай есептеу керек? Жұмыстың мұндай форматында қазақстандықтарға ай сайынғы тұрақты жалақы тағайындалады. Бір сағат жұмыстың құнын анықтау үшін бұл жалақы өндірістік күнтізбеде белгіленген нақты айдағы жұмыс сағаттарының нормасына бөлінеді.

Әр айдағы жұмыс күндері мен сағаттарының саны әртүрлі болуы мүмкін болғандықтан, есептік сағаттық мөлшерлеме де тұрақты болып қалмайды. Ол ресми жұмыс уақытының нормасына байланысты ай сайын өзгеріп отырады.

Ыстыққа байланысты демалыс алуға бола ма? Бұған дейін Еңбек министрлігі Қазақстанның еңбек заңнамасында аномальды ауа райына байланысты жұмыс күнін автоматты түрде қысқарту, қосымша демалыс күндерін енгізу немесе қашықтан жұмысқа көшу қарастырылмағанын хабарлаған болатын. Алайда қолайсыз климаттық жағдайларда жұмыс беруші тараптардың келісімі бойынша жұмыс режимін немесе форматын өзгертуге құқылы.

Өз кезегінде жұмысшы да басшылыққа кестені өзгерту, икемді жұмыс уақытын белгілеу немесе уақытша қашықтан жұмыс істеу туралы ұсыныспен жүгіне алады.

Сонымен қатар, егер еңбек жағдайлары нақты қауіп төндірсе, жұмыстан бас тарту еңбек тәртібін бұзу ретінде қарастырылмайды.

Бұған дейін «Курсив» қазақстандықтар өзін кедей сезінбеу үшін жан басына 320 мың теңгеге дейін қажет екенін жазған болатын.