Танымал испан әншісі Энрике Иглесиас қазақстандық көрерменге қайта жолықты: ол Instagram-да Астана мен Алматыдағы концерттерінен видео жариялап, жанкүйерлерге жылы қабылдағаны үшін тағы да алғыс айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

«Қазақстан, ұмытылмас екі кеш үшін рахмет», — деп жазды әртіс, жазбасына сахнадағы видеосын қоса салып.

Әншінің қазақстандық жанкүйерлері Иглесиастың республикадағы концерттері туралы алғашқы жазба емес екеніне назар аударды. Пікірлерде олар көптеген лебіз қалдырды: «Қазақстан туралы бесінші жазба», «Әлі күнге дейін бүкіл Қазақстан әсерде», «Рахмет, Эреке! Сіз көптеген миллениалдардың арманын орындадыңыз», «Тағы күтеміз, енді білеміз — қайта келеді. Бұл жолы бүйрегімді сатсам да, фан-зонаға барамын».

Бұған дейін испан әншісі Астанадағы концерттен кейін қазақстандық жанкүйерлерге жолығып, өнер көрсеткен кезде жылы қабылдағаны үшін қазақстандықтарға алғыс айтқан болатын. Отандық шоу-бизнес жұлдыздары да Иглесиастың Қазақстан астанасындағы өнер көрсетуінен кейін әсерлерімен бөлісті.