Танымал әнші Энрике Иглесиас Instagram-да «Астана Арена» стадионының жанында қазақстандықтардың Сиарамен бірге орындаған «Takin' Back My Love» әнінің әуенімен лезгинка билеген видеосын бөлісті. Роликке ол қысқаша «Казахстан» деп қол қойды, деп хабарлайды infohub.kz.

Бұл жарияланым әншінің қазақстандық жанкүйерлері арасында қызу талқылау тудырды. Пікірлерде олар: «Бұл — 40 градус температурадағы түс сияқты», «Қазақстан — көпұлтты достық ел! Біз әлемдік жұлдыздарға әрқашан қуаныштымыз», «Қазақстанда 130-дан астам ұлт өкілдері тату-тәтті өмір сүреді» деп жазды.

Түсірілімнің мән-жайын қазақстандық Сәлім Айлазов ашып айтты. Оның шәкірттері стадион маңында билеген. Ол бұл — өзінің ансамблі екенін, Иглесиастың операторы бір күн бұрын оларға келіп, видеоны әншіге жіберетінін айтқанын жеткізді. «Біз сенбеген едік, енді сенеміз», — деді ұстаз.

Пост астындағы пікірлерде Сәлім Айлазов Энрике Иглесиасқа алғыс сөздерімен де жүгінді: «Құрметті Энрике Иглесиас, керемет концертіңіз үшін зор алғыс! Сіз бізді балалық шағымызға қайтардыңыз және тамаша естеліктер сыйладыңыз. Қазақстан — 140 этнос өкілдері бірге тұратын көпұлтты ел, әрқайсымыз сізді қайта көргенімізге шын жүректен қуандық. Біз үшін сізге өнер көрсету үлкен бақыт пен мәртебе болды. Осы ұмытылмас кеш үшін рахмет!»

Еске салайық, бүгін Иглесиас Алматыда концерт береді. Бұған дейін Орталық стадионда және оған іргелес аумақта 2 мыңға жуық полиция қызметкері жұмылдырылатыны хабарланған болатын. Әншіні Алматыда жанкүйерлерімен суретке түскен кезде байқаған.