Еуропалық одақ Ресейге қарсы 2022 жылдан бергі ең ауқымды санкциялар пакетін енгізуді жоспарлап отыр. Бұл туралы ЕО-ның сыртқы істер және қауіпсіздік саясаты жөніндегі жоғарғы өкілі Кая Каллас мәлімдеді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Die Welt басылымына берген сұхбатында (аудармасын Газета.ru жасаған) Каллас алдағы 22-ші санкциялар пакеті 2022 жылдан бергі ең ірісі болатынын атап өтті. Оның айтуынша, кезекті пакет қабылданғаннан кейін санкция тізіміне енген ресейлік тұлғалар мен ұйымдардың саны бірден үштен бірге артады. Санкциялық қысымды осы күзде бастау жоспарлануда.
Еске салайық, 23 шілдеде Еуропалық одақ Ресейге қарсы 21-ші санкциялар пакеті аясында 170 ұйым мен 48 жеке тұлғаға қатысты шектеулер енгізген болатын. Атап айтқанда, шектеулерге 94 ресейлік және төрт шетелдік банк, сондай-ақ 33 несие-қаржы ұйымы іліккен.


