Еурокомиссия Украинаға әскери техника мен қару-жарақ сатып алуға 6,1 млрд еуро жұмсайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Бұл туралы Украинаның Тәуелсіздік күні қарсаңында Киевке келген Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен мәлімдеді. Қаражат Украинаға қазір өте қажет әуе және зымыранға қарсы қорғаныс жүйелеріне, зымырандарға, оқ-дәрілерге және радиолокациялық станцияларға жұмсалады, деді фон дер Ляйен.

Бұл төлем 2026-2027 жылдарға арналған жалпы сомасы 90 млрд еуро болатын Украинаны қолдау кредитінің (UASL) бөлігі болып табылады, деп атап өтті Еурокомиссия сайтында.

Бұған дейін Владимир Зеленский Украина тәуелсіздігінің 35 жылдығына орай бейнеүндеуінде одақтастарды «осы соғысты тоқтату үшін, Путин келесі соғысты бастап үлгермей тұрып, оны тезірек тоқтату үшін Украинаға бәрін беруге» шақырған, деп жазады басылым.