1997 жылдың қыс мезгілі, декабрь айы болса керек. Нағыз қиын кезең ел ішінде, қыс қатты болды, қатты жел соғып көп жерлерде электр сымы үзілген, үйлерде жарық жоқ, горсеть бәрін жөндеп үлгере алмай жатыр, содан қалалық әкімшілік қаладағы экстренный жағдайға байланысты, тәулік бойы кезекшілік ұйымдастырылып, соған график бойынша, әкімшілік қарамағындағы жұмыс істейтін мекеме қызметкерлерін дежурствоға тұруға міндеттеді...
Енді өткенге сәл шегініс жасайық. Мен институт бітіргеннен кейін 1983-86 жылдары Құрылыс салу дирекциясында жұмыс атқардым. Сонда біздің бөлімде аға инженер болып Нұртаев Кеңес деген үлкендеу кісі бірге істеді, өзі ақкөңіл, бетіңе айтып тастайтын турашыл, үнемі күлдіріп жүретін кісі еді, дауысы да ерекше, громкий, есте қаларлық дауыс еді, өзі қаланың Шанхай бетінде салып алған үйінде тұратын, сонымен 1986 жылы дирекция тарап кетті, мен басқа салаға ауысып кеттім, одан кейін ол кісіні көргенім жоқ. Сонда арада 11 жыл өтіпті ғой зулап...
Сонымен 1997 жыл, қалалық әкімшіліктің ішінде дежурствода отырмын, кешкі 8-ден таңғы 8-ге дейін отыруым керек, журнал дежурство деген болад ,соған звондаған адамдардың арыз шағымын, көшесін, фамилиясын, жазып тіркеп отыруым керек. Сағат кешкі 10 - дар шамасы болу керек, біреу звондады, трубканы көтердім, амандастық, гүрілдеген дауыс сөйлеп жатыр...
- Мына телефонды әрең дегенде алдым, үш күннен бері үйде свет жоқ, балалар сабақ оқи алмайды, бізге пенсионерлерге де оңай болып жатқан жоқ, горсветке звондасам, көшеде сым үзілген, істейміз деп уәде беріп шығарып салады, сендерден бір көмек бола ма, деп звондап отырмын, болмаса ертең әкімшілікке барып арыз жазам ба, өзім пенсиядамын, үйдемін, тек сендерге жете алмай отырмын! - деп мені біраз тығырыққа тіреді.
Ақсақал адресіңізді айтыңызшы деймін ғой, ол гүрілдеп: улица Шмидта, (Отто Шмидт), Шанхай беттегі көше! ...деген кезде есіме сарт ете түсті, ау , мынау баяғы Кеңес аға ғой, сол баяғы дауыс гүрілдеген , адресін жазып болып, танығанымды білдіргім келмей, таак.. сонда сіздің фамилияңыз Нұртаев қой... дедім жайлап ғана.
Ол шошып кетті: - Әй! сен менің фамилиямды қайдан білесің!..Сен мені көріп тұрған жоқсың ғой!.. Сен кімсің өзі!..Әй сен көріпкелсің бе , мен саған тек көшемді ғана айттым ғой!..
Қайдан білсін, менің оны дауысынан танып отырғанымды.. Содан ағамызды біраз сөйлетіп барып... мен шындығымды айттым, мен сол сізбен бірге жұмыс істеген баяғы «пәленшемін»,- ғой деп, ол күліп жатыр рахаттанып, былай дейді ғой: Әй! мен сені ана жақта (ішкі істер бөлімі дегені ғой) істейтін біреу ма деп қалдым, әйтпесе адамды дауысынан танып қою арада 11 жыл өтсе де мүмкін емес нәрсе ғой ... Мен айтамын ғой : Кеңес аға!Сіздің дауысыңыз ерекше дауыс қой, оны қалай ұмытасың, сіздің өзіңіз де ерекше жақсы адамсыз ғой ұмытуға болмайтын,- деп мақтап жіберіп ем, балаша қуанып мәз болып қалды...
Содан Горсетке диспетчерге звондап, еңбек ардагері еді , светіне көмектесіңіздер деп , ертесіне таңертең тағы да горсеттің бас инженеріне звондап өз атымнан өтініш айттым, істеген болулары керек...
2-әңгіме. Сол Нұртаев Кеңес ағамыздың бір қулығы бар еді. Ол кісі жаздыгүні үнемі ши шляпа киіп жүретін, содан айдың аяғы болады, подрядчиктер келеді дегендей, акты выполненых работ қол қойдырады, күн ыстық, бір кабинетте 5 адам отырамыз, шөл қысады, ол кезде біздің мекеме бұрынғы Конституция көшесіндегі 4 қабатты үй, кейін БТИ болды, қазіргі адресін білмеймін, сол кезде 1000 мелочей деген дүкен болған, соның жанында Нептун (три поросенка.. деген атауы да болды) деген сырахана болды, соған түстен кейін бастықтар жоқ ау деген кезде, алма - кезек бір,екі кружка пиво ішіп келеміз ұрланып барып, бастықтар келсе де көбіне өз кабинеттерінде отырады, бізді шақыра қоймайды. Содан бір күні Кеңес ағамыз:
- Туһ шөлдеп кеттім! барып жігіттермен бір екі кружка пиво ішіп қайтайын, егер басшылар іздеп қалса, мына шляпаны столдың үстіне қойып кетемін, осы маңайда жүрген шығар темекі тартып деп, бірдеңе айтарсыңдар деп шығып кетті, содан 20 минуттай уақыт өтті ау , приемныйдан секретарша келіп тұр, где Кеңес аға? Его начальник вызывает , дейді ғой. Біз айтамыз: Он где-то здесь курить наверное, вон шляпа его лежить на столе, - деп алдап жібереміз. Содан тағы 15-20 минут өтті, Кеңес аға жоқ, шамасы пивоның қызығына түсіп кеткен ау, енді не істейміз деп сасқаннан біреуді шақыруға жібердік артынан, содан шыдамай Бастықтың өзі кіріп келді ғой кабинетке,где он Кенес?-деп, біз жуып шайып жатырмыз, он курить наверное на улице, вон шляпа его лежит на столе деп қоямыз. Сөйтсек Бастық та қостап қояды, да он без шляпы далеко не пойдет в такой жаре, - деп. Қайдан білсін біздің жасырынып, түу « Нептуннан» сыра ішіп келіп жүргенімізді... Сонымен тығырыққа тіреліп, не айтамыз енді деп тұрғанда Кеңес ағамыз да жетті ау абырой болғанда сәл-пәл «қызара бөртіп» ...
Қайран ақкөңіл дарқан ағалар -ай! Сол кезде жұмысты да істейтін едік, арасында күн ыстықта бір екі кружка сыра ішіп келуге де үлгеретін едік, сонда бастықтар білсе де ұрыспайтын, жағыдайымызды түсінеді ау шамасы..
«Ақ шәпкі» туралы әңгіме.
Өз басымнан өткен осы бір оқиға сонау балалық кезде болған еді, содан бері де жарты ғасырдан аса уақыт өтіпті, сол балалық шақтан қалған естелік ретінде санада сақталып қалыпты. Ол кезде 70-жылдары Арал теңізі әлі тартыла қоймаған уақыт, теңіздің толқындары жағаға көбік атып, ұрып жататын, шағалалар шаңқылдап, көк теңізден балықшылар балығын аулайтын, Арал қаласы да кіші – гірім портты қала есебінде еді, жүк артқан, балық тиеген үлкен кемелер, сол балық өңдейтін үлкен балық комбинатына тасымалдайтын, қалада неше түрлі ұлт өкілдері тұратын, құж-құж қайнаған тірлігі басылмайтын қала болатын.
Поездар толассыз өтіп жатқан вокзалы және қаланың шет жағында аудан орталығынан шалғайдағы елді мекендерге ұшатын самолеттері бар шағын аэропорт бар еді. Портты қала болғасын ба, әлде сол заманға тән құбылыс па, қалада түрлі қылмыс болып жататын, қарақшылықпен айналысатын бандиттік топтар да қала халқының зәресін алатын. Сондай бандиттік топтың бірі «ақ шәпкілер» деп аталатынын (олар бастарына ақ қалпақ киіп шығады екен көшеге шыққанда, өздерін басқалардан ажырату үшін), және қараңғы кезде жалғыз жарым жүрген қала түрғындарын, сырттан келген бейтаныс адамдарды пышақпен қорқытып тонайтынын, көнбегендерін соққыға жығып, әсіресе шалдардың сақалын пышақпен «күзеп» кететінін, - есітіп өстік, өзіміз ол кезде оқушы едік.
Сондай «ақшәпкі» бандитпен ойда жоқта, поезда танысып, оған жолда серік боламын деген ой маған үш ұйықтасамда да түсіме кірмеген еді..
70 - жылдары мен 7-класты бітіріп, отбасылық жағыдайлармен Қызылорда қаласына көшіп келдік. Бірақ жазғы каникулда туып өскен ауылды және туысқандар мен достарды сағынып, бір мезгіл ауылға қыдырып барып қайтатынмын, баратын ауылым балықшылар ауылы және шалғай, теңіздің қойнауында болғандықтан оған жету тек самолет арқылы мүмкін болатын. Ан-2, «кукурузник» деп аталатын самолетке 11 жолаушы мініп ұшатын едік Арал қаласынан, сондықтан алдымен Арал қаласына жетіп алып, сосын 45-минуттай самолетпен үшып жететін едім өзім туып өскен елді мекенге.
Сонымен 8-ді бітіріп, жазғы каникулда ауылға барып қыдырып қайтайын деп жолға шықтым, мақсатым поезбен Арал қаласына жету. Ол кезде Қызылорда стансасынан өтетін поездар көп, соның біреуіне таңертеңгісін оқушы ретінде плацкартқа билет алып жайғастым, вагонда адам көп, сөйткенше бүйірде отырған менен әжептауір жасы үлкендеу жігітпен таныстым. Ол да Аралға бара жатыр екен, есімі Алтынбек, - деді ма екен, атын кейін ұмытып қалдым, жолға серік табылып уақыт қысқаратын болды, - деп мен жүрмін қуанып.
Түріне қарасам 30-дардың үстіндегі жігіт, шашын тықырлап алған екен, аздап өсіп қалыпты, мығым денелі, бірақ көзқарасы қаталдау екен, көп сөйлемейді, үстіндегі киімдері жұпынылау. Мені сұрағыштап жатыр, кімсің, қайда барасың дегендей, өзі туралы көп айта бермейді, бар айтқаны Қызылордаға жұмыстармен келіп едім, енді үйге қайтып бара жатырмын, - дейді.Содан екеуіміз шай ішеміз, арасында демалып жатамыз, әне міне деп Қазалы стансасына да жеттік. Бүнда поезд 20-минуттай тұрады екен, жүр далаға шығып таза ауа жұтып қайтайық деді ол. Перронда адам көп, содан ол мені ертіп бір шеттегі ашық тұрған қоймаға (склад) келіп, ол кезде Вокзал маңында бұндай қоймалар көп болатын, маған сен есіктің аузында тұра- тұр, мен кіріп шығайын бір танысым бар еді деп кіріп кетті, содан соң сәлден кейін қолында ораған бір заттары бар, маған жүр тез- тез кеттік деп, өзіміздің поезға қарай жүгіріп жеттік. Поезға отырғасын, жүргеннен кейін көрдім ол заттарды, сабын,тіс пастасы, шампун тағы бірдеңелер, бірақ сұрауға бата алмадым мыналарды сол танысыңнан алдың ба деп. Сонымен Аралға да келіп жеттік, күн кешқұрым уақыт болған, содан екеуіміз поездан түсіп жаяу Морская көшесімен келе жатырмыз. Менің баратын үйім мал соятын қасапхана жақта болатын, бірталай жер болатын, ол кезде такси қайда, бір автобус маршрут жүретін еді, бірақ жанымдағы танысқан жолсерігім көнбеді. Оның айтқаны алдымен Вокзалдан шығып Маяк деген клуб болатын, соған жетіп алайық, сонда бір досым бар еді, соған кіріп шығуым қажет болып тұр, сосын сені баратын үйіңе дейін өзім жеткізіп саламын, әйтпесе қалада бұзықтар көп саған тиісіп жүрер деп
мені жұбатып қойды. Мен көндім, сөйтіп жаяу Маяк клубына да жеттік, көше қараңғылана бастады.
Маяк клубының артында қазандықта (котельная) сонда жұмыс жасайды екен досы, өзі қатарлас, содан ол бізді қарсы алып шай қойды жолдан келе жатырсыңдар ғой деп, сөйтті де сыртқа шығып кетті қазір келемін деп, бір кезде қолында бір бөтелке шарабы(вино) бар келді, сөйтіп шай ішуге кірісіп кеттік. Бөтелкені екеуі бөліп ішті, мен шай ішіп отырмын әңгімелерін тыңдап, 15-тегі жас бозбаламын, тыныш отырғаннан басқа қолымнан не келеді, содан қазандықтың ішінде душ бар екен, соған шайынып алдық, қанша дегенмен жол жүргесін адам терге малынады ғой, содан қайтадан екеуі әңгімесін жалғастырып шараптың қызуымен дауыстары қатты-қатты шыға бастады, мен қорқып барамын енді не істеймін деп, даланы қараңғы басып кетті.
Екеуі менен жасырып сөйлескенін есітіп қалдым, менің жолсерігім А. химияда болып жазасын өтеп келе жатқан беті екен, оның осындай халге түсуіне сол досының да қатысы бар ма, әйтеуір араларында бір келіспеушілік, ренжістік бар.
Ақыры бұлар тағы бір шарап әкеліп енді ішеміз деп жатқанда, мен бұлардан құтылудың жолын ойлап, тысқа шығып келейін деп сылтауратып сол жерден қашып шықтым. Әйтеуір сол қашқаннан жүгіріп отырып жарығы бар үлкен көшеге жеттім. Дала тастай қараңғы, көшедегі адамдардан сұрастырып, баратын үйімді әрең таптым, қайта ол адамды қызметте істейтін болғасын, тұрғындар жақсы таниды екен, сол да көмектесті бір жағынан. Менің абыржыған түрімді көріп, үйдегілер өздері де шошып кетті, тез төсек салып берді, түннің бір уағы болған еді, мен ұйықтап кетіппін.
Ертеңіне тұрып, жуынып шайынып, шай ішіп болғасын енді аэропротқа барып самолетке мінетін ақшаларымды түгендеп, қалтамды ақтарсам, үйден алып шыққан 10 сом ақшам жоқ, бірден түсіндім, кеше мен душқа түсіп жатқанда қолды болғанын...
Өйткені одан кейін мені апарып тастаймын деген танысым онша асыға қоймаған.
Содан сол үйдегі апаға болған жағыдайды айтып беруіме тура келді, ол кісі менің жағыдайымды түсініп самолетке мінуге 5 сом тауып берді, сөйтіп сол күні самолетпен ұшып өзім туып өскен ауылға да жеттім ау –уһ деп!
Осы болған жағыдай туралы кейін 80-жылдардың ортасында Аралда тұратын жақын таныстарыма айтқан кезімде, олардың маған айтқаны:
–«Сен онда «ақшәпкіге» тап болғансың, қайта одан оңай құтылыпсың»...
Содан бері 50 жылдан аса уақыт өтсе де, сол бір балалық шақтағы бастан өткен тосын оқиға еске түссе денем түршігіп кетеді...
Ералы Есімов – зейнеткер, Астана. ватсапп.87751901784.


