Қысқа мерзімді сабақ жоспары (11 сынып)
Сабақтың тақырыбы: Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
(1 сабақ) / ҰБТ есептерін шығару жолдары/
Сабақтың мақсаты: Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді қайталай отырып, ҰБТ - да кездесетін есептерді шығару
Күтілетін нәтиже:
Барлық оқушылар: А. Ерітіндіге берілген есептерді шығарудағы білімдерін тереңдетеді.
Оқушылардың басым бөлігі:
В. Ерітіндіге берілген есептерді теңдеу құру арқылы шығара алады.
Кейбір оқушылар:
С. Күрделі есептерді топтық жұмыста өзара талдап, қорытынды жасайды.
Дерек көзі: Оқулық, ғаламтор, ҰБТ сынық кітапшасы, ҰБТ есептерді шешудің әдістемелігі
Құрал - жабдықтар: үлестірме парақтар, топтық тапсырмалар жазылған парақтар, проектор, компьютер
Бағалау критерийі
1. Ауыша есептеу
2. Жекелей жұмыс жасауы
3. Жұптық жұмыс жасау
4. Топпен жұмыс жасауы
5. Деңгейлік тапсырмаларды орындау
Кіріспе
Тұсаукесер
1. Сәлемдесу тренингі
Топқа бөлу. Есептер жазылған парақшалар таратылады
Бағалау парақшалары таратылады
«Мына қызықты қараңыз»
Ерітіндіні проценті бойынша табуға арналған есептер ҰБТ - да жиі кездеседі. Оны шығару көптеген оқушылар үшін қиындық туғызады. Ерітінділердің қосылыстарына арналған есептерді теңдеу құрмай - ақ, крест әдісі арқылы тез есептеп табуға болады. Крест әдісі бойынша шығару жолы мына схема бойынша жүзеге асады:
мұндағы В, С қосылатын ерітінді, А – қосылғаннан кейінгі шыққан ерітінді
|A – C|, |A – B| - әр ертіндіден қанша бөлік алатынын көрсететін оң шама.
Негізгі бөлім
«Ойлан. Бірік. Бөліс» әдici бойынша жаңа тақырыпты меңгеру үшін оқушылар видеосабақтан жаңа тақырыпты меңгереді.
1 ресурстық парақ: Сабақта үйрету керек тапсырмалар үлестіріледі.
2 ресурстық парақ: Сабақта жұптық, топтық әдістері арқылы орындалған тапсырмалар үлестіріледі.
Бөрлі ауданы,
Қызылтал жалпы орта білім беретін мектебі
Утегенова Айнур Туреахметовна
Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу. жүктеу
Ерітіндіге (концентрацияға) берілген есептерді шешу.
Қысқа мерзімді сабақ жоспары (11 сынып)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз709 қаралым
#қысқа мерзімді сабақ жоспар химиядан#ерітіндіге#концентрация#химиядан есептерді шешу
Ұсынылады
Алматыда жарнама агенттігінің басшысы 473 миллион теңгені жымқырғаны үшін 8 жылға сотталды
Алматыда "Webcom Kazakhstan" ЖШС-нің бұрынғы басшысы Евгений Горожанкинге қатысты қылмыстық іс бойынша үкім шығарылды. Ол 473 миллион теңгеден астам қаржыны жымқырды деп айыпталып, 8 жылға бас бостандығынан айырылды.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 9 маусым
Хиджама: Қазақстандағы қан шығару емдеуінің қаупі мен салдары туралы дәрігерлер пікірі
Қазақстанда танымал болып келе жатқан хиджама процедурасының денсаулыққа зияны мен қауіптері туралы медицина мамандарының пікірін біліңіз.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 25 мамыр
Заттардың ерігіштігі
Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 8.3C Ерітінділер мен ерігіштік Мектеп: Нұр-Сұлтан қаласы, 53 мектеп-лицей МКМКүні: Мұғалімнің аты-жөні: Химия және биология пән мұғалімі: Князова А.К.Сынып: 8 «Ә»Қат...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

