Қазақстандық әнші Ерке Есмахан Instagram-да жазылушыларының сұрақтарына жауап беріп, үшінші баласы дүниеге келгеннен кейін немен айналысатынын айтты, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Үш баланың анасы әнші кейде ашуланатынын мойындады. «Әрине, мен де адаммын. Бірақ мен эмоциямды, мінезімді, сезімдерімді тежей аламын. Жұмыста мен талапшылмын, ашулануым мүмкін. Ал үйде мен тынышпын, өйткені үйдегі жалғыз ханшайыммын, себебі күйеуім мен үш ұлым бар», — деді ол.
Жанкүйерлер Еркенің қазір немен айналысып жүргенін де сұрады. «Мен жұмыс істемеймін, Құдай куә. Кейде күйеуіммен бірге концерттерге барамын. Instagram-дағы жарнамадан ақша таппаймын. Отбасылық бюджетке менің пайдам жоқ. Бірақ күйеуім тапқан ақшаны мен тиімді бөлуге тырысамын. Барлығы игілікке болсын деп Құдайдан сұраймын. Біз бір командамыз. Меніңше, ұқыптылық пен негізділік — барлық әйелдерге тән қасиет», — деп әңгімеледі әнші.


