Қазақстандық интернет кеңістігінде ерекше маркетингтік тәсіл танымал бола бастады: онлайн-дүкендер көрермен назарын аудару үшін әйелдер іш киімін ерлерге кигізіп көрсетіп жүр, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Kursiv LifeStyle дерегінше, бұл трендтің тамыры Қытайда жатса керек. Онда 2023 жылы жарнамада әйел денесінің ашық бөліктерін пайдалануға заң жүзінде тыйым салынған. Заңға бағынатын сатушылар басқа жол іздеуге мәжбүр болып, қытай нарығына арналған түнгі көйлектер мен бюстгальтерлерді ерлер көрсете бастаған.
Қазнетте бұл идеяны күлкіге айналдырды. Алматыдағы жүкті және бала емізетін әйелдерге арналған киім дүкенінің бірі іш киімді үш «модельге» кигізіп көрсете бастады. Олар оны сыртқы киімнің үстінен ешбір әдепсіздіксіз көрсетеді. Жағдайдың күлкілі тұсы — ең белсенді жүргізушінің денесі толықтау, сақалы бар.
Аккаунтта ерлер шілтерлі көйлектер мен пеньюарларды тек сиыр етінен жасалған дөнер үшін көрсетуге келісетіні туралы әзіл үздіксіз айтылады. Жарнама жұмсақ әзілмен ғана емес, стереотипті бұзуымен де есте қалады: әдетте Қазақстанда ерлер мен әйелдер тақырыбы қатаң бөлінеді, ал іш киім туралы контенттің өзі табу саналады.
Қолданушылар пікірлерде бұл ерекше тәсілді белсенді қолдап жатыр: «Іш киім шолуларын ерлерден көрген қызықтырақ болады деп ойламаппын. Сендер кереметсіңдер! Жалғастырыңдар!», «Модельдер — от, күлкілерін тыя алмай әрең тұр», «Вупсень мен пупсень көбелекке айналғанда».
Бұған дейін Kursiv LifeStyle Милан сән апталығында Diesel бренді ерлерге арналған арандатушылық джинсы мини-шорты ұсынғанын жазған.


