Сабақтың тақырыбы: «Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)»
Сабақтың мақсаты: Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы алған білімдерін тексеру.
Міндеттері:
Білімділік: Оқушылардың Қазақстан жерінде өмір сүрген ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер туралы алған білімдерін пайдалана отырып сөздік қорларын толықтыру, ауыз екі тілде жеткізуін қалыптастыру.
Дамытушылық: Оқушының алдынғы өткен сабақтарды қайталай келіп, тілдерін, ой - өрістерін, дұрыс сөйлеу дағдыларын қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелілік: Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттердің тарихымен таныстыра отырып, оқушыларды елін, жерін сүюге, отаншылдыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жарыс сабақ.
Сабақтың әдісі: ойын.
Сабақтың көрнекілігі: карта, сөзжұмбақтар, кестелер, конверттер, плакат:
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер, тақырыптық слайд - суреттер.
Сабақ барысы:
Ұйымдастыру кезеңі.
Ойын бөлімдері және топтармен таныстыру.
Қамтылатын бөлімдер:
І. Бәйге
ІІ. Кім шапшаң?
ІІІ. Кім тапқыр?
ІV. Шешендік
І. бөлім. Бәйге
Ойынның шарты: Берген сұрақтарға тез жауап беру. Дұрыс жауапқа 10 ұпай.
Сұрақтары:
1 - топқа:
1. Түрік Қағанаты қашан құрылды? (552ж)
2. Сұлу қаған орданы қай қалаға көшірді? (Таласқа)
3. Түрік қоғамында тат деп кімді айтқан? (Құлды)
4. Тарихшы Әл – Марвазидің хабарына қарағанда қарлұқтардың құрамында қанша тайпадан тұрған? (9)
5. Оғыз мемлекетінің орталығы қай қала болды? (Янгикент)
2 - топқа:
1. «Түрік» сөзі алғашқы рет қай жылы қай деректе кездеседі? (542 ж. Қытай деректерде)
2. Оғыздарда жоғарғы билік иесі қалай аталды? (Жабғу)
3. Қарлұқ қағанатының орталығы қай қала болды? (Суяб қаласы)
4. Қимақтардың шаруашылығы туралы жазған орта ғасырлық ғалым?
(Парсы тарихшысы Гардизи)
1. Түркеш қағанаты қашан құрылды? (704ж)
ІІ. Бөлім. Кім шапшаң
Ойынның шарты: Шапшаңдықпен кесте толтыру. Дұрыс жауапқа – 10 ұпай.
ІІІ. Бөлім. Кім тапқыр
Ойынның шарты: Сөзжұмбақтар шешу. Дұрыс жауапқа – 20 ұпай.
1 - топқа
704 - 756 ж. ж билік құрған қағанат.
VI - VIII ғ. ғ. түрік тайпалары қолданған жазу.
Оғыз мемлекеті билеушісінің мұрагері.
Оғыз мемлекетінің әскербасы.
VIII ғ. Көне түрік ескерткіші.
Түркі тілдес тайпа.
Билік иелері өкілдерінен құрылған кеңесші ұйым.
2 - топқа
1. Шығыста Алтайдан бастап, батысқа Каспий теңізіне дейінгі аралықта алып жатқан қағанат.
2. Түркеш қағанатының кіші ордасының орталығы.
3. Бабалар құрметіне қабір басына қойылатын мүсін тас.
4. VIII ғ. Түркі тайпалардың көне тас жазуы.
5. Тайпа, көптеген түркі тілдес тайпалардың ортақ атауы.
6. Батыс түрік қағанатында 610 - 618 ж. ж билеген қағанат.
7. Түркі тілдес тайпа.
8. Түрік қағанаттың негізін салушы.
ІV - бөлім. Шешендік.
Ойынның шарты: Екі топқа тақырыпқа байланысты сұраққа жауап беру.
Оқушылардың ой – пікірін тыңдау. Дұрыс жауапқа 30 ұпай.
Сұрақ: Сол кезеңде сен қаған болсаң не істер едің?
Қандай саясаттар жүргізер едің?
Ойын соңынан жеңімпаз тобы марапатталады.
Бағалау. Оқушылар бағалау парағы бойынша бағаланады.
Үйге тапсырма беру
* Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттерге мәнжазба жазып келу;
* Тақырыптық салыстырмалы, баламалы, ашық, жабық тесттер құру.
Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)
Сабақтың тақырыбы: «Ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер (VI – IX ғ)»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз899 қаралым
#тарих#түрік қағанаты#тарихтан сайыс сабақ#батыс түрік қағанаты#түркештер#ерте орта ғасырлардағы мемлекеттер vi – ix ғ
Ұсынылады
ГДР-ден әкелінген нан 36 жыл мұздатқышта сақталып, Берлин мұражайының экспонатына айналды
Берлиндегі Германия мұражайында ГДР-ден қалған нан қойылды. Отбасы оны 1990 жылы мұздатып, 36 жыл сақтаған. Экспонат «ГДР-нің соңғы наны» деп аталды.
Мұрат Байғадам·2026 ж. 9 қазан
Тарихшы Сабитов: Ислам Алтын Орда түркілерін құлдықтан құтқарды
Тарихшы Жақсылық Сабитов Алтын Ордада исламның қабылдануы түркілерді құлдықтан қалай құтқарғанын және қазіргі тенгрианствоны жаңадан жасалған нәрсе деп санайтынын айтты.
Алаш Ордабай·2026 ж. 6 қазан
Римде X ғасырдың 20 англосаксон монетасы табылды
Римде археологтар X ғасырдың 20 англосаксон монетасын тапты. Олжа Англиядан келген қоныстанушылардың Рим Папасының рұқсатымен өз валютасымен төлегенін растайды.
Алаш Ордабай·2026 ж. 2 қазан
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

