Сайыс - ойын: Ертегі әлеміне саяхат
Мақсаты:
1. Оқушыларға ертегі туралы айту, оның түрлерін бөле білу. Ертегілердің кейіпкерлеріне мінездеме бере білуге үйрету.
2. оқушылардың ойлау, есте сақтау, еркін сөйлеу қабілеттерін дамыту.
3. Оқушыларды ертегіні сүюге тәрбиелеу.
Ұйымдастыру кезеңі:
Жүргізушінің сөзі: - Сәлеметсіздер ме, балалар және келген қонақтар! Біз бүгін бесінші сынып арасындағы «Ертегі әлемінде» деген КВН - ді тамашалаймыз.
Ертегі деген не? Әр халықтың өзінің ертегілері бар және олардың кіріспе сөздері де әртүрлі басталады. Мысалы: орыс халқының ертегілерінде «Жыли - были» деп басталса, қазақ халқының ертегілерінде айтылғандай,
«Бар екен де, жоқ екен,
Бөре бақауыл екен
Түлкі жасауыл екен,
Ертек, ертек, ерте екен,
Ешкі жүні бөрте екен,
Құйрығы келте екен,
Құйрығы қызыл екен,
Құйрық жүні ұзын екен», - деп, біз де ертегі әлеміне кірейік, ойындарға, жеңіске жетейік.
Алдымен үш топқа бөлініп, ертегіге байланыстыра командамыздың атын қояйық.
1 - тапсырма. «Сөзжұмбақ»
1. Кім сыпырғыда ұшады?
2. Аленушканың інісі неге айналды?
3. Үш басты жануар?
4. Қыста ұйықтайтын аң?
5. Апасы мен атасынан не қашады?
6. Қасқыр лақтарға ненің өлеңін айтады?
7. Қызыл телпек нені кездестірді?
8. Түлкі: - балықты құйрығыммен ұстадым – деп нені алдады?
9. Қай ертегіде барлық аң бір үйге сыйып кетеді?
2 - тапсырма «Көрініс»
Әр топ ертегілердің инсценировкасын көрсетуі үшін оқушыларды ортаға шақырайық.
3 - тапсырма. «Ақыл - жастан, асыл - тастан». (Ертегіден алынған сөздерді оқимын, ал топтар қай ертегі және кейіпкерлері кім екенін атаулары керек).
1. Келші, менің мұрныма отыршы, соңғы кезде менің құлағым нашар естіп жүр. (Бауырсақ)
2. Әй, шал, мен ханша болғым келеді, - деді кемпір. (Алтын балық)
3. Үш баласы өз оқтарын әр жаққа атып, сол оқтармен бірге қалыңдықтарын алып келу керек. (Ханшайым бақа)
4. Әжей, сіздің мұрныңыз неге үлкен? (Қызыл телпек)
5. Аю аспаннан: - «Отырма, демалма, самсаны жеме» деген дауысты естіді (Маша мен аю)
6. «Менің сақам қайда» - деп, жылады бала. (Алтын сақа)
4 - тапсырма. «Тез құра!»
- Менде үш конверт бар, ішінде сурет бар, соған байланысты қысқаша ертегі құра.
- Осымен бүгінгі «Ертегі әлемінде» деген ойын сауығымыз аяқталды. Топтардың белсенді қызығушылықпен қатысқаны үшін көп - көп рақмет!
Ертегі әлеміне саяхат жүктеу
Ертегі әлеміне саяхат
Сайыс - ойын: Ертегі әлеміне саяхат
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз523 қаралым
#ертегілер#ертегі әлеміне саяхат#ертегі кейіпкерлеріне мінездеме
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

