Флорида Атлантика университетінің биологтары жиырма жыл бойы мұхиттағы ең жасырын киттердің бірі – ергежейлі кашалоттардың тіндерін зерттеді. Ойық жара және асқазан қабынуы бар дарақтардан олар бұрын белгісіз бактериялардың үш генотипін тапқан, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Флорида Атлантика университеті жанындағы Харбор-Бранч мұхиттану институтының мамандары әріптестерімен бірге нәтижелерін Journal of Wildlife Diseases журналында жариялады. 1999 жылдан 2020 жылға дейін АҚШ-тың оңтүстік-шығыс жағалауына шығып қалған ергежейлі кашалоттардың (Kogia breviceps) тін үлгілерін талдап, ғалымдар үш бактерия генотипін анықтап, оларды Kogia Helicobacter 1, 2 және 3 деп атады.

1 және 2 генотиптері дельфиндерде, теңіз шошқаларында және адамдарда кездесетін штаммдарға генетикалық жағынан жақын. Kogia Helicobacter 3 генотипі алыс тармаққа жатады. Бұл микроорганизмдер табылған төрт киттің барлығы асқазан ойық жарасынан, гастриттен, фиброздан және паразиттік нематодалардың зақымдауынан зардап шеккен.

Инфекцияны сүтқоректілердің өліміне тікелей себеп деп атамаса да, тұрақты қабыну процестері бактериялардың тереңсулық киттерде ас қорыту жүйесінің созылмалы ауруларын тудыруы мүмкін екенін көрсетеді.