Математика. 1 сынып
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
Сабақтың мақсаты: Айырмалық салыстыруға берілген есептерді шығару. Оқушылармен математикалық диктант ауызша есептер шығару арқылы ойлау қабілеттерін дамыту. Көктем мезгіліне байланысты салынған суреттердің артындағы есептерді шығару және оны ақ қағаздың бетіне бейнелеу
Сабақтың түрі: Білімді жүйелеу, жарыс сабақ
Сабақтың әдісі: сұрақ - жауап, ойландыру, өзіндік, топпен жұмыс.
Сабақтың көрнекілігі: сызбалар, дидактикалық материалдар, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
Ұйымдастыру.
Математикалық диктант
Cөзжұмбақ шешу
Оқулықпен жұмыс
Қорытынды.
Бағалау.
I. – Сәлеметсіздер ме, балалар!
- Отырыңдар.
- Бүгін сендердің көңіл күйлерің қалай?
- Жақсы, көңілді.
І. Ой қозғау
1. Психологиялық дайындық
Шаттық шеңбері:
- Балалар, біз бүгін сабақта қамқорлық шуағын жүрегімізбен сезінеміз. Өлең жолдарын бірге қайталайық:
Қайырымды жүрекпен,
Мейірімді тілекпен,
Ізгілікті ниетпен
Қамқор болып өсемін.
- Балалар, біз бүгінгі сабақта қамқорлық туралы болады
Мультфильм көру. «Қарлығаштың құйрығы неге айыр?» Балаларға Қарлығаштың құйрығы неге айыр? Мультфильмі көрсетіледі.
Көрсетіліп болған соң мультфильм бойынша сұрақтар қойылады.
- Ана қарлығашқа қандай қамқорлық көрсетті?
- Қарлығаш адам баласына қандай қайырымдылық жасады?
Балалар сұрақтарға жауап беріп, қорытындылайды:
- Осы мультфильм арқылы адамның құстарға, құстардың адамдарға қамқорлық жасай алатынын білдік. Қамқорлық - адамға, табиғатқа, жан - жануарларға жанашырлықпен қарау, көмектесу. Құстарды таспен, доппен атып ойнауға болмайды.
1 – топ «Алғырлар»
2 – топ «Тапқырлар»
Есеп. 1. (киіз үйдің артындағы тұрған тапсырма). Сурет бойынша есеп құрастыр
Сергіту сәті
Кәне қанат жазайық
Қарлығашқа ұқсайық
Ұшып ұшып алайық
1, 2, 3
Орнымызды табайық
Есеп. Тау бейнесінің артындағы тапсырма. №2
Алғырлар - 10
Тапқырлар - 9
Кроссворд шешу:
9 – 5 = + 2 = – 3 = + 7 =+0=- 1= – 3 = +1=7
7 – саны шықты. 7 – саны қазақ халқында киелі сан деп есептеледі және көп нәрсені байланыстыра айтады.
Бұл жеті күнді білдіреді. 1. Бүгін. 2. Ертең. 3. Бүрсігүні. 4. Арғы күні. 5. Ауыр күні. 6. Соңғы күні. 7. Азына.
1. Дүйсенбі. 2. Сейсенбі. 3. Сәрсенбі. 4. Бейсенбі. 5. Жұма. 6. Сенбі. 7. Жексенбі.
Жеті ата: 1. Ата. 2. Әке. 3. Бала. 4. Немере. 5. Шөбере. 6. Шөпшек. 7. Немене.
Жеті қазына: 1. Ер жігіт. 2. Сұлу әйел. 3. Ақыл – білім. 4. Жүйрік ат. 5. Қыран бүркіт. 6. Берен мылтық. 7. Жүйрік тазы \ит\.
Есеп. Гүлдер бейнесінің ішінде жазылған сандарды салыстыру:
5 * 7 3 * 3 5* 9 10*8
1 * 10 1 * 9 7*4 5*2
Есеп. Жол бейнесінің артындағы тапсырма:
Кесінділердің ұзындықтарын өлше. Қызыл кесінді көк кесіндіден неше сантиметр қысқа?
Қызыл кесінді 3см, көк кесінді 5см.
5см – 3см = 2см
Қызыл кесінді, көк кесіндіден 2сантиметр қысқа.
Қорытынды: – Ал енді балалар, сендер ақ қағаздың бетін қандай бейнені бейнеледіңдер? – Көктемнің бейнесі. – Дұрыс.
Осы көктемнің бейнесін бейнелеу арқылы есептер шығардық.
- Күннің сәулесінде неше дөңгелек бар? – 1 – еу.
- Неше ұшбұрыш бар? – 6 – ау.
- Бұлттардың бейнесі қандай сызық? – Тұйықталған.
- Киіз үйдің есігі қандай фигура? – Тік төртбұрыш.
- Жол қандай сызық? – Түзу.
- Гүлдердің бейнесінде қандай фигураны көріп тұрсыңдар?
– Дөңгелек.
Қатысқан оқушыларды бағалау.
Есептерді шығару
Сабақтың тақырыбы: Есептер шығару.
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз714 қаралым
#есеп шығару#бастауышқа арналған#математика 1 сынып ашық сабақ
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

