Тақырып: Есептеу. Қорытындылау/Театр
Математика 3 - сынып
Оқу мақсаттары 3. 2. 2. 2 көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу; құрылымы күрделі х∙ (25: 5)=60; (24∙3): х=6;
х: (17∙2)=2; k+124: 4=465 түріндегі теңдеулерді шешу.
3. 1. 2. 7 кестеден тыс мынадай жағдайларда: 17∙5 96: 6 75: 15 84: 4 ауызша көбейту мен бөлуді орындау.
3. 1. 2. 9. 100 көлеміндегі сандарды ауызша көбейту мен бөлуді орындауда қосындыны және көбейтіндіні бір таңбалы санға бөлу, қосындыны санға көбейту ережесін қолдану.
Ынталандыру. Театр және оның түрлері туралы әңгіме.
Белсендіру. №1тапсырма балалардың арасында кімдердің театрды жақсы көретінін біліп, олардың театрдың қай түрін ұнататынын анықта. Есепте және жауабын тап. Оқушылар өрнектің мәнін бірнеше жолмен табады. Оларды компоненттердің атауын пайдалана отырып, міндетті түрде оқу қажет..
Математикалық диктант.
Есептеудің нәтижесін жолдарға жаз:
1. 16 мен 5 сандарының көбейтіндісінің мәні... тең.
2. 96 санының 6 - ға бөліндісінің мәні.... тең.
3. 14 саны 84 - тен неше есе кіші?
4. 27 санын 3 есе арттыр.
5. 85 санын 5 есе кеміт.
Жауаптары:
80, 16, 6, 81, 17,
Өздік жұмыс.
Оқулық бойынша №2, 3 тапсырмалар орындалады.
Бұл – кестеден тыс көбейтуге берілген теңдеу. Өзін - өзі тексеру үшін үлгі ұсыныңыз. Әрбір оқушы өз қатесін өзі табуы қажет.
Өткенмен жұмыс.
Мұғалім оқушының деңгейіне қарай жеке тапсырмалар береді. №4 – 9 тапсырмалар суммативті жұмысқа дайындалуға, өткен сабақты қайталауға мүмкіндік береді.
Өздік жұмыс.
Жұмабаева Гүлзат Иманғожақызы
Бастауыш сынып мұғалімі
Ә. Молдағұлова атындағы орта мектеп
Алматы облысы, Еңбекшіқазақ ауданы, Шелек ауылы
Есептеу. Қорытындылау жүктеу
Есептеу. Қорытындылау
Тақырып: Есептеу. Қорытындылау/Театр
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз544 қаралым
#көбейту және бөлу амалдарына берілген қарапайым теңдеулерді шешу#құрылымы күрделі теңдеулерді шешу
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

