Эссе
«Менің таңдауым педагог»
Март айының суық күндерінің бірі. Далада көктемнің ызғары сезіледі.
Үйден шығып күнделікті жолыммен өзімнің сүйікті жұмысым балалар үйіне беттедім. Жолай осы жұмысымның өзімнің сүйікті ісім екеніне іштей тәубе қылам. Балалар үйі – бұл менің екінші отбасым, « өмірімнің жартысы». Қазір балалар үйінің табалдырығын аттасымен алдымнан бір - біріне ұқсамайтын «менің» балаларым жүгіріп шығады. Олардың әрқайсысының жүректері жаралы. Тағдырдың сан қилы соқпақтарынан өткен, қаншама қиындықпен бақытсыздықты бастарынан кешкен. Мен олардың әрқайсысын құшағыма алып, жүрегімнің жылуының шөкімдей болсын бір бөлігін сыйлағым келеді. Сол жан жылуымды олармен бөлісіп те келемін. Сондықтан да болар кейбір ересек адамдардан бірде - бір кем түспей, оларда маған қиын - қыстау кезеңде демеу болды. Маған балалармен бірге өткізген әрбір уақытым қызықты. Менің балаларым,( мен оларды «тәрбиеленушілер» деген құрғақ сөзбен атағым да келмейді) ас пісіруді, кір жууды, тоқуды, бөлмелерін жинауды т. б өз беттерінше істей алады. Олардың бұл жетістіктеріне мен тек қуанамын. Әліде болашақ өмірлеріне қажетті көптеген нәрсені үйреткім келеді. Менің олардан да үйренгенім көп, төзімділікке, жанашырлыққа, кеңпейілдікке үйретті. Ана ретінде де педагог ретінде де тәрбиелеуді дәл осы балалар үйінде жұмыс істей жүріп үйрендім. Балалардың әрқайсысы туралы неғұрлым толығырақ білуді үйрендім. Тәрбиешінің жүрегі тек қана мейірбан емес көреген болу керек, сол арқылы ғана ол өз балаларының жан дүниесін сезіне біледі, тек сонымен ғана балалардың мейірімділік сезімін оятуға болады. Менің балаларымның менен аларлары да көп. Сол себепті мен оларға таным және қарым - қатынас бақытын сыйлаймын. Өйткені мен балаларға ар - ұят, мейірімділік сияқты рухани байлықтарын сақтай отырып өз - өздерін тануға, өз мүмкіндіктеріне сене білулеріне, табысқа жетуге көмектесетін адам, яғни – тәрбиешімін. Мүмкін мен педагог ретінде осы балалар үйінде қызмет ете жүріп қалыптасқан шығармын.
Қиын бала болмайды, тек оларға уақытында көмек бере алмаған. Сондықтан мен оларға көмектесудемін, өйткені менің таңдауым педагог.
«Міне бар шындық осы. Мүмкін мен мұны кеш түсініп, кеш жазып отырған шығармын. Дегенмен, бұл менің ішкі сырым»...
Эссе. Менің таңдауым педагог
«Менің таңдауым педагог»
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз948 қаралым
#эссе#педогог туралы#менің таңдауым педагог
Ұсынылады
"Педагогтерді қорғаймыз": Депутат Асхат Аймағамбетов ұстаздарға қуанышты жаңалық айтты
Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов педагогтердің жауапкершілігін шектейтін заң жобасы туралы айтты. Енді мұғалімдер балалардың өмірі мен денсаулығына тек оқу-тәрбие процесі кезінде ғана жауапты болады.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 29 сәуір
Оқу-ағарту министрі мұғалімдерді қуантатын жаңалықпен бөлісті: Білім беру жүйесіне қандай өзгерістер енгізіледі?
Қазақстанда бастауыш сыныптарға, 5-11 сыныптарға арналған жаңа пәндер енгізіліп, оқу бағдарламалары қайта қаралады. Министр Жұлдыз Сүлейменова бұл өзгерістердің білім сапасын арттыруға бағытталғанын атап өтті.
infohub.kz редакциясы·2026 ж. 21 сәуір
Жаңа жылға арналған тілектер, құттықтаулар
Құрметті достар! Сіздерді Жаңа 2024 жылмен шын жүректен құттықтаймын!
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

