Эстафета түріндегі ойын
Сабақтың мақсаты: Оқушылардың өз бетінше дене шынықтыру жаттығуларымен айналысуын дағдыландыру, спорттың жеңіл түрінен ауыр түріне қарай ауысуды күрделендіру, қимыл-қозғалысын арттыру жаттығулары: балалардың күшті, төзімді, епті, дене бітімі түзу әрі әдемі болып өсулеріне бағыт беру, жаттығулардың дұрыс жасалуын қадағалау.
Сабақтың барысы:
Дайындық бөлімі: Жалпы қозғалыс жаттығулары, денені қыздыру.
а) Жүріс, аяқтың ұшымен, өкшемен, табанның ішкі қырымен және сыртқы қырымен.
б) Жай жүріс. Спорттық жүріс.
Жүгіру жаттығулары.
а) Оң иықпен және сол иықпен тіркеме адым айқастыра жүгіру, артпен жүгіру.
б) Тізені көтере жүгіру, тізені шапалақтап жүгіру.
в) Елікше секіру.
Жалпы дамыту жаттығулары.
а) Қалыпқа келу жаттығулары.
б) Тамыр соғысын қадағалау.
Класты теңдей екі командаға бөліп, команда капитандарын сайлау. Ойын түрімен таныстырып, екі команданы сапқа тұрғызу.
Ойын түрі: допты беру және тосу жаттығуы.
Негізгі бөлім.
1.«Допты бер де отыр» ойыны.
Белгіленген сызықтан аспай допты көтеріп беру, кеудеден немесе бастан асыра лақтыру. Допты тосып лақтырып отыра қалу, келесі бала тосып алып, допты қайта лақтыруға дағдыланады.
Допты тура лақтыру. Жақын жерден кеудеден алыстаған сайын бастан асыра лақтыру қажет. Бұл әдіспен допты тосып және беру жаттығуларын арттыру шарт.
Ойын шарттары: Лақтырылған допты тоса алмаған жағдайда қайта алып келіп ойынға қосу. Сызықтан аспау. Соңғы бала допты алып жүгіре орын ауыстыру.
Допты кедергіден алып жүру. Доппен жүру жаттығулары. Бір қолмен допты ұра жүгіру жаттығуы.
Қорытынды бөлім.
Сапқа тұрғызу. Бой жазу жаттығулары: жай жүріспен жүру.
Аяқ – қолға, бұлшық еттеріне арналған жаттығулар, қалыпқа келу жаттығулары.
Бағалау.
Үй тапсырмасы. Допты ұрып, тосу жаттығулары. Тамыр соғысын тексеру (қалыпқа келу).
Эстафета түріндегі ойын
Эстафета түріндегі ойын
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз793 қаралым
#дене шынықтыру#эстафета түріндегі ойын#дене тәрбиесінен ашық сабақ
Ұсынылады
Кіші футбол мектепішілік жарыс
39 «Қызылөзек» орта мектебінде 29 қазан мен 3 қараша аралығында «Қызылорда қаласына - 200 жыл, Астана қаласына - 20 жыл толуына орай» күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді пайдалану ...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің
Сабақтың тақырыбы: Сенің жеке физикалық мүмкіндіктерің.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Біз бақытты жанұя отбасылық сайыс
"Біз бақытты жанұя" отбасылық сайысы
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

