Эстония премьер-министрі Кристен Михал Ресеймен шекарадағы өткізу пункттерін мерзімсіз жабуға қолдау білдірді. РИА Новости эстондық Delfi порталының жарияланымына сілтеме жасап хабарлағандай, үкімет басшысы бұл туралы басылымға берген сұхбатында айтқан, деп жазады infohub.kz сайты.
«Премьер-министр Кристен Михал Delfi-ге берген сұхбатында эстон-ресей шекарасын белгісіз мерзімге жабуға басымдық беретінін мәлімдеді», — делінген хабарламада.
Басылым дерегінше, Эстония үкіметі 19 қарашадағы отырысында екі нұсқаны — шекараны уақытша жабу мен мерзімсіз жабуны қарастырмақ. Михалдың өзі екінші нұсқаны қолдайтыны атап өтілген.
Шекараны жабуы мүмкін деген мәлімдемелер Таллиндегі дрон өндіретін кәсіпорынға жасалған шабуылдан кейін айтылды. Эстондық БАҚ хабарлауынша, сенбіге қараған түні белгісіз адамдар нысанды өртеуге әрекеттенген. Оқиғаға байланысты республика полициясы диверсия жасады деп күдіктелген Латвияның сегіз тұрғынын ұстады.
Соның артынша эстондық билік 1 желтоқсаннан бастап Ресеймен шекарадағы автомобиль өткізу пункттерін жабуға ниетті екенін мәлімдеді.


