Тақырыбы: Етістік (қайталау)
Мақсаты: Етістік туралы білімдерін тексеру. Ойлау қабілеттерін дамыту, сауатты жазуға дағдыландыру. зейін қойып тыңдауға, әдептілікке, ұқыптылыққа тәрбиелеу.
Түрі: қайталау
Әдісі: талдау, ой - толғау, сұрақ - жауап. Венн диаграммасы
Көрнекілігі: сюжетті сурет, оқулық, сөзжұмбақ.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі. Психологиялық дайындық:
«Алақанның жылуы» - жылы сөз, жылы тілек айту.
ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
- Мәтінге ат қою
- Етістіктерді тауып, оларға сұрақ қой.
- Болымсыз етістігі бар сөйлемдерді көшіріп жаз
ІІІ. Тақырып бойынша жұмыс
1. Көркем жазу ЖЖ жүз, жаз, жап, жазба, жұлма, жүрме.
2. Етістіктің мағынасын ашып көрсету
Етістік ( заттың қимылын, іс - әрекетін білдіретін сөздер)
Сұрақтары: Не істеді? не қылды? Қайтты?
(интерактивті тақтамен жұмыс. Оқушылар күннің суретін салу арқылы, етістік сөздерді жазып көрсетеді.
3. Берілген етістіктерді қатыстырып сөйлем құрап жазу. ( 35ж)
Кешікпе, жамандама, жыртпа, бүлдірме.
4. Етістіктің түрлері (ережелерді қайталау, мысал келтіру)
Етістік
↓
Негізгі
Туынды
Етістік Дара
Күрделі
Болымды
Болымсыз
5. Ойын « кім жылдам?»
(етістіктерге тиісті жұрнақтарды қосып, олар қандай етістіктер екенің айту
Ма, жібер, ба, не, төз, қаз, ме, шақыр, теп, бе
6. Ой шақыру
Сюжетті суретке сұрақтар қою арқылы етістікті табу.
сурет бойынша әңгіме құрастырып, құралған әңгімені жаз.
7. Оқулықпен жұмыс
Өлеңді мәнерлеп оқу, өлеңді көшіріп жаз. Болымсыз етістіктердің астын сыз, өлеңнің авторы кім. Өлеңнің жалғасын айтып көр.
Сергіту сәті
8. Ой толғаныс ( шығармалық жұмыс, слайдпен жұмыс)
І топ
дара - күрделі етістікті қатыстырып, сөйлем құрау.
ІІ топ
Негізгі, туынды етістікті құрастырып, сөйлем құрау.
ІІІ топ
Болымды, болымсыз етістікті құрастырып сөйлем құрау.
9. Сөзжұмбақ негізгі сөз - ЕТІСТІК
Сұрақтар:
1. білім алатын мекеме
2. жыл мезгілі
3. сүттен жасалатын тағам
4. уақыт бірлігі
5. әкенің әкесі
6. ауруды емдеуші
7. қу аң
ІV. Сабақты қорыту
Венн диаграммасы
Балалар білімін бағалау. ҮЙ ТАПСЫРМА.
Етістік
Тақырыбы: Етістік (қайталау)
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз606 қаралым
#етістіктен өткенді қайталау#сабақ жоспары қазақ тілі 3 сынып
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

