Қазақ тілі 4 сынып
Сабақтың тақырыбы: Етістік
Сабақтың мақсаты:
Білімділік: Етістік туралы берілген ұғымды кеңейту, етістіктің негізгі лексикалық мағынасы мен қызметін меңгерту.
Дамытушылық: Сөйлеу барысында етістіктерді мағынасына сай дұрыс жасай білу дағдыларын дамыту.
Тәрбиелік; адамгершілікке, білімділікке баулу.
Сабақтың әдісі: қайталау, бекіту.
Сабақтың түрі; аралас.
Сабақтың көрнекілігі: кесте, қима қағаздар, электрондық оқулық.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
А) Сынып оқушыларын түгелдеу.
Ә) үй тапсырмасын тексеру. Оқу, талдау, тиянақтау.
ІІ. Ой ашар:
1. Сұрақ - жауап әдісі:
Сөз таптары.............
Зат есім.......... сұрақтары
Етістік.............. сұрақтары
Сын есім......... сұрақтары
Сан есім.......... сұрақтары
Сөз таптары бойынша алған білімдерін тиянақтау.
СӨЗ ТАБЫНЫҢ АТАУЫ
Беретін мағынасы
Қандай сұраққа жауап береді?
Тұлғасына қарай түрлері (негізгі, туынды)
Құрамына қарай түрлері (дара, күрделі)
Іс - әрекеттің жүзеге асу - аспауына қарай түрлері (болымды, болымсыз)
( Мысал келтіре отырып, толық талдау жасату.)
Сабағымыздың негізгі мақсаты: етістік түрлеріне берілген ұғымды кеңейту. Етістіктің түрлерін, оның қандай сұрақтарға жауап беретінін, қай сөйлем мүшесінің қызметін атқаратынын білу
1. Электронды оқулықпен жұмыс. Толық түсінік.
2. Суретпен жұмыс: әр топ суретке сай сөйлемдер құрап, етістіктің сөйлемдегі атқаратын қызметі туралы түсінік береді.
ІІІ. Қызығушылығын арттыру:
1.«Затқа қимыл жасат» ойыны. Суреттер (доп, ара, қайық, құс, кітап, жұлдыз... т. б.).
2. Көп нүктенің орнына керекті етістікті қойып жаз. Оның етістіктің қай түрі екенін айт.
1 - топ.
Құр бекер ермекке
Бос бесікті...
Өзім қумын деме
Кісі ақысын......
2 - топ.
Таза ауада ойна,
Сыпырғыны көтеріп....
Отты.....
Күлді.....
3 - топ
Түнде шық далаға,
Жұлдызды бірақ....
Күнәсіз, пәк бала
Дастарханнан....
Көп нүктенің орнына қойылған сөздер, етістіктің қай түріне жатады.
- Бұл тапсырма қандай сөздер?
- Тыйым сөздер..
Жаттығулар орындату.
46 - жаттығу. Топта талдап, пікірлерін жеткізу.
47 - жаттығуды талдау, дара етістіктерді күрделі етістікке айналдыр.
48 - жаттығу. Туынды етістіктерді сөз құрамына талда.
49 - жаттығу. Тақтада орындау. Етістік қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарып тұр?
50 - жаттығу. Әр топ әңгіме құрайды. «Кім жылдам?» ойыны.
Рефлекция
1. Етістік дегеніміз не?
2. Қандай сұраққа жауап береді?
3. Ол қай сөйлем мүшесінің қызметін атқарады?
4. Етістіктің түрлерін ата.
5. Басқа сөз таптарынан етістік жасауға бола ма?
6. Болса оларды қалай атаймыз?
7 Туынды етістікке мысал келтір.
Үйге тапсырма беру
Оқушы білімін бағалау.
Етістік
Сабақтың тақырыбы: Етістік
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз593 қаралым
#қазақ тілінен сабақ жоспары#етістік туралы сабақ
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

