Еуропада газ бағасы 23 наурыздан бері алғаш рет 700 доллардан асып, 1 мың текше метрге 716 долларға жетті, деп хабарлайды infohub.kz.
Нидерландтағы TTF хабындағы тамыз айына арналған фьючерстің құны 1 мың текше метр үшін 716 долларға дейін көтерілді. 13 шілдеде Еуропадағы газдың биржалық бағасы 11 маусымнан бері алғаш рет 600 доллардан асқан болатын.


