«Отчаянные домохозяйки» сериалындағы рөлімен танымал голливуд актрисасы Ева Лонгория L’Oréal Paris-тің жыл сайынғы дефилесіне әсем бейнеде шығып, жанкүйерлерін баурап алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Актриса дүбірлі шарадағы суреттерін Instagram-да жариялады. Жұлдыз терең декольтелі және кең атлас белдігі бар қара комбинезонмен подиумда жүріп өтті. Мойнындағы ауқымды әшекей ерекше назар аударды — ол әсем бейненің сәніне айналды. Ева Лонгория киімге нәзік шпилькалы аяқ киім таңдады.

«L’Oréal Paris отбасыммен және икона Селин Дионмен өткен ұмытылмас түн», — деп жазды актриса.

Селин Дионның сахнаға шығуы кештің басты оқиғасы болды: әнші ауруына байланысты төрт жылдық үзілістен кейін қайта оралды.

Жанкүйерлер пікірлерде мақтауға сараңдық танытпады: «Сіз керемет едіңіз! Сізбен кездесу өте жағымды болды», «Соңғы сурет — бәрі осы. Кішкентай қыздың күлкісі, көзіңіздегі ұшқын... Бір сәтке сіз Ева Лонгория емессіз, өз кумиріңізді құшақтаған баласыз. Бұл ең сүйкімді», «Керемет», «Тамаша».