Еуропа халқының саны рекордтық деңгейге жеткенімен, демографтар оның ұзақ мерзімде азаятынын болжайды. Еурокомиссияның Біріккен зерттеу орталығының баяндамасында Еуропалық Одақ елдерінің халқы 450 миллион 600 мың адамды құрап, бұл одақ тарихындағы ең жоғары көрсеткіш екені айтылған, деп хабарлайды infohub.kz.
Ең көп халық санының өсімі Люксембург, Кипр және Мальтада тіркелді. Ал ең төмен көрсеткіштер Латвия, Венгрия және Эстонияда байқалды.
ЕО елдерінде 2024 жылы өмір сүру ұзақтығы 82 жасқа жетті. Сарапшылардың бағалауынша, халық санының өсуінің негізгі драйвері — көші-қон ағыны. Болашақта бұл жұмыс күші тапшылығына және денсаулық сақтау мен білім беру жүйесіне жүктеменің артуына әкелуі мүмкін. Сонымен қатар, қарт адамдарға арналған тауарлар мен қызметтер нарығының дамуына мүмкіндік туады.
Сонымен қатар, аналитиктер 2100 жылға қарай Еуропа халқы азая бастап, 398 миллион адамды құрайды деп болжайды.


