Еуропада 2026 жылы болған аномальды ыстық 25 мыңнан астам адамның қазасына себеп болды, деп хабарлайды infohub.kz.

Bloomberg агенттігінің ұлттық ведомстволардың деректеріне сүйенген мәліметінше, құрбандар саны 25 мыңнан асты. Дегенмен, нақты артық өлім көрсеткіштері одан да жоғары болуы мүмкін, себебі ресми статистика толассыз жалғасқан тым жоғары температура толқындарына байланысты кешігіп келеді.

Құрбандар саны бойынша Германия көш бастап тұр: Роберт Кох институты (RKI) сәуір айынан бері елдегі артық өлімді шамамен 11 900 адам деп бағалап отыр, оның 9 000-нан астамы соңғы бір ай ішінде қайтыс болған.

Испания, Франция, Ұлыбритания, Швейцария және Нидерландта да өлім көрсеткіштері жоғары. Келесі аптада кейбір аймақтарда ыстық одан әрі күшейеді деп күтілуде: Лондонда шамамен 34 градус, Парижде 38 градусқа жуық болжанып отыр.

Алдыңғы күні Словакия, Австрия және Венгрияда температура рекордтары тіркелді: ауа 41-42 градусқа дейін қызды.

Еуропада қаза тапқандардың 80 пайыздан астамы — 75 жастан асқан қарт адамдар.

Еуропалық қоршаған орта агенттігінің сарапшылары онжылдықтың соңына қарай ыстықтың Еуропаға тигізетін экономикалық шығынын €800 млрд деп бағалап отыр.

Бұған дейін «Курсив» Еуропадағы ыстық бір апта ішінде 12 мыңнан астам адамның өліміне себеп болуы мүмкін екенін хабарлаған.