Математика 3-4 класс
Эвристикалық тапсырмалар
1. Арман бір сан ойлады. Оған 1-ді қосты, 2-ні алды, 3-ке көбейтті де 4-ке бөлді. Жауабында 6 шықты. Ол қандай сан ойлады?
2. Айнұрда 5 алма болды, ал Анар мен Жанарда одан аз алма болды. Айнұр Анарға 1 алма бергенде, барлығының алмалары тең болды. Жанарда неше алма болған?
3. Дәрігер науқасқа 3 дәрі берді. Ол науқасқа бұл дәрілерді әр жарты сағат сайын ішесің деді. Науқас дәрігердің айтқанын бұлжытпай орындады. Дәрігердің берген дәрісі қанша уақытқа жетті?
4. Ерасыл, Аружан, Дархан диктант жазды. Аружан диктантты соңғы тапсырған жоқ. Ерасыл Дарханнан бұрын тапсырған. Қандай тәртіпте жұмысты тапсырған?
5. Сары, жасыл, көк түсті 3 кеседе шәй, сүт және шырын құйылған. Әр сусын қандай кеседе, егер шәй көкте де, сарыда да емес, ал шырын көкте емес?
6. Айгерім ермексаздан піл, қоян және түйе жасады. Егер пілді соңғы жасаса, ал түйе қояннан бірінші жасалған жоқ. Ол әр фигураны қашан жасаған?
7. Бір қатарда Қанаттың артында 36 адам бар. Аслан Қанаттан 23 адамнан кейін тұр. Асланның алдында 51 адам бар болса, онда қатарда неше адам болғаны?
Эвристикалық тапсырмалар
Математика 3-4 класс
infohub.kz редакциясы · 2024 ж. 5 наурыз625 қаралым
#математика#бастауыш#3 сынып#эвристикалық тапсырмалар
Ұсынылады
Жаңа жылдық ойындар
Жаңажылдық кеште қонақтардың көңіл-күйін қалай көтересіз? Дәстүрлі мерекелік дастархан мен тілек айту аздық ететіні анық. Демек, қызықты әзіл мен жұмбақтар, сайыс пен ойындар ұйымдастыру керек. Түн...
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
Ертегілер жинағы
1. Ертегілер мектепке дейінгі балалардың танымдық қызығушылығын қалыптастыру механизмі. Бұл механизм психологтар белгілеген теория негізінде бірізділікте құрылған және сатылап жүзеге асады.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
21 - ден 100 - ге дейінгі сандар
Сабақтың тақырыбы: 21 - ден 100 - ге дейінгі сандар.
infohub.kz редакциясы·2024 ж. 5 наурыз
← АртқаДереккөз: bilimdiler.kz

