Кеше Франция парламенті эвтаназия туралы заңды қабылдап, француздардың эвтаназия құқығын түпкілікті бекітті. Бұл туралы DW-ге сілтеме жасап, infohub.kz сайты хабарлайды.
Шешім рекордтық үш оқылымнан кейін қабылданды. Қабылданған заң бойынша, есі дұрыс, емі жоқ аурудың соңғы сатысындағы кәмелетке толған науқастар өлімге әкелетін дәрі-дәрмектерді қабылдай алады. Дәрі-дәрмектерді дәрігер тағайындайды, ол алдын ала басқа мамандармен кеңесуі тиіс.
Әдетте науқастар дәрі-дәрмектерді өздері қабылдайды. Егер олар физикалық тұрғыдан мұны істей алмаса, дәрігер немесе медбике көмек көрсетеді. Осыған ұқсас заңдар Еуропа Одағының көптеген елдерінде бар екені атап өтіледі.
Заң жобасы Ұлттық жиналыста да, сенатта да үш оқылымнан өтті. Ұлттық жиналыс заңды қолдаса, консервативті палата саналатын сенат оны үш рет қабылдамады. Франция Конституциясы бойынша соңғы сөз Ұлттық жиналыста қалды, сондықтан заң қабылданды.


