АҚШ Федералдық тергеу бюросының директоры Кэш Пател өзінен 18 жас кіші кантри әншісі Алексис Уилкинске үйленді, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Неке қию туралы Уилкинс әлеуметтік желідегі X парақшасында жариялады. «Қатынасымызды заңдастырдық», — деп жазды ол.

Жарияланған ақ-қара суретте жұп камераға қарап күлімсіреп тұр, ал Алексис саусағындағы жүзікті көрсетеді. ФБР басшысы бұл жазбаны өз парақшасына репост жасап, жүзік пен жүрек эмодзилерін қосып қойды.

РИА Новостидің жазуынша, Уилкинс 1998 жылы Бостонда дүниеге келген, бала кезінде телесериалдарға түскен. Айта кетейік, 2024 жылғы сайлау алдында ол екінші мерзімге сайланған Дональд Трампты қолдау мақсатында әндер жазған. Сондай-ақ оның парақшасында АҚШ Конгресіндегі Өкілдер палатасының баспасөз хатшысы болғаны көрсетілген.

Кэш Пател 1980 жылы туған. Дональд Трамп екінші мерзімге сайланғаннан кейін ол ФБР-ге басшылық етті.