Фиджиде адам иммун тапшылығы вирусына байланысты ахуал күрт ушықты: бір жылда жаңа диагноз саны 27%-ға артқан соң, билік АИТВ инфекциясын ұлттық мәселе деп жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Reuters агенттігінің жазуынша, 2025 жылы АИТВ инфекциясы 2 016 адамнан анықталған. Сол жылы 59 бала АИТВ-мен дүниеге келген, олардың 18-і бір жасқа толмай көз жұмған.

Биліктің мәлімдеуінше, тестілеуді кеңейту ауруды ертерек сатыда емдеуге мүмкіндік берді. Енді Фиджи тегін әрі құпия тестілеуге, сондай-ақ алдын алу дәрілеріне қолжетімділікті кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, халқы шамамен 900 мың адам болатын Фиджиде жаңа жұқпа жағдайларының өсу қарқыны әлемдегі ең жоғарылардың бірі. Кейбір бағалаулар бойынша, былтыр мұнда 9 100 АИТВ-инфекциясын жұқтырған адам тұрған, алайда олардың тек 39%-ы өз мәртебесін білген, ал 22%-ы антиретровирустық терапия қабылдаған.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының дерегінше, Фиджиде қазір әрбір 60-ыншы ересек адам АИТВ-мен өмір сүріп жатыр. Алайда бұл көрсеткіш Африканың кейбір аймақтарына қарағанда төмен — онда ДДҰ дерегінше, әрбір 35-інші ересек адамда осындай диагноз бар.

Бұған дейін «Курсив» зерттеушілер нәрестелерде АИТВ емін арнайы антиденелер арқылы тиімдірек етуге бола ма, соны тексергенін жазған.

Еске салайық, бүгінде әлемде шамамен 1,5 млн бала АИТВ-мен өмір сүреді, ал жыл сайын вирусты шамамен 130 мың нәресте жұқтырады.