Әлемдік футболда үлкен жанжал туындап жатыр. ФИФА басшылығы әлем чемпионатына құқықтарды жеке инвесторларға сатуды жоспарлағаны белгілі болды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

Спорт басылымының дерегінше, Джанни Инфантино әлем чемпионаттарын ұйымдастыру үшін жеке компания құрып, оның акцияларын Дональд Трамптың жақын адамдарының қолдауымен сатуды ойластырып жатыр.

The Times газетінің жазуынша, ФИФА жоспары – негізгі активтерді басқару үшін компания құру: ерлер арасындағы әлем чемпионаты, әйелдер арасындағы әлем чемпионаты және клубтық әлем чемпионаты. Жоба бойынша Дональд Трамп әкімшілігіне жақын адамдармен кеңескендері айтылады.

Бұл ақпаратты ФИФА ресми түрде растады.

"Инвестициялық топты Thrive Capital компаниясы басқарады деп күтілуде. Оны Дональд Трамптың күйеу баласы, қазіргі уақытта АҚШ тарапынан бейбіт келіссөзші ретінде танымал Джаред Кушнердің інісі Джошуа Кушнер құрған", — делінген жарияланымда.

Жоспар бойынша 211 ұлттық қауымдастық пен ФИФА мүшелерінің әрқайсысы шамамен 20 млн доллар тұратын үлес алады. Қауымдастықтар бұл үлесті не сақтап қалуы, не қосымша табыс алу үшін дереу сата алады.

The Times дереккөздерінің айтуынша, соңғы президенттік мерзімінен кейін Инфантиноны жаңа компанияның комиссары етіп тағайындау жоспарлануда. Оны 2031 жылға дейін баламасыз ФИФА президенті етіп қайта сайлауы әбден мүмкін, ал одан кейін түрлі нұсқалар – жаңа жұмыс қарастырылуда.

Алайда УЕФА әлем чемпионатын бөліктеп сатуға қарсы шықты.

"Бұл — футболдың басқару органдары ешқашан аттамауға тиіс шек. УЕФА мұны барынша байыппен қабылдайды. Барлық ұлттық футбол қауымдастықтары да солай істеуі керек. Барлық мүдделі тараптар: лигалар, клубтар, ойыншылар, жанкүйерлер, үкіметтер және футболдың болашағы бейжай қарамайтын әрбір адам осылай қарауы тиіс. Футболдың жаны мен басқару жүйесі – ол сауда жасауға болатын актив емес, әсіресе қаржылық пайданы кім алатыны туралы толық ашықтық болмаған жағдайда. Ешқайсымыз футболдың иесі емеспіз. Ал ФИФА оны сатуға құқылы емес", — деп жауап берді УЕФА.

Британ саясаткері Энди Бернем де бірден үн қатты.

"Футбол инвесторларға тиесілі емес. Ол апта сайын, кез келген ауа райында, жаңбырда немесе күн астында, алаң шетінде өз командаларын қолдап тұратын трибуналарды толтыратын адамдарға тиесілі. Әлем чемпионаты – тауар емес. Бұл — әлемдік спорттағы ең ұлы жарыс және ол ешқашан сатуға болатындай ешкімге тиесілі болмаған. Бұл мәмілені қалай атасаңыз да атаңыз, бірақ бір бөлігін сатсаңыз, сіз бәріне опасыздық жасайсыз. Футбол жанкүйерлерге тиесілі. Ол әрқашан солай болды және солай болмақ", — деді ол.