Халықаралық футбол федерациясы (ФИФА) өзінің ресми әлеуметтік желілерінде АҚШ, Канада және Мексикада өткен 2026 жылғы әлем чемпионатының символикалық құрамасын жариялады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Дауыс беруге бүкіл әлемнен жанкүйерлер қатысты. Символикалық құрама 4-3-3 схемасы бойынша құрылды. Оған: қақпашы Возинья (Кабо-Верде); қорғаушылар Педро Порро, Марк Кукурелья (екеуі де — Испания), Лисандро Мартинес (Аргентина), Дайо Упамекано (Франция); жартылай қорғаушылар Родри (Испания), Майкл Олисе (Франция), Джуд Беллингем (Англия); шабуылшылар Лионель Месси (Аргентина), Эрлинг Холанд (Норвегия), Килиан Мбаппе (Франция) енді.
Чемпион атағын Испания құрамасы жеңіп алды, ол финалда қосымша уақытта Аргентинаны 1:0 есебімен ұтты. Турнирдің үздік мергені он голмен Мбаппе атанды. «Алтын доп» ең құнды ойыншы ретінде Родриге берілді.


