АҚШ-тың Флорида штатында полиция 25 жастағы ер адамды ұстады. Ол қонақүй бөлмесіне заңсыз кіріп, ұйықтап жатқан жұптың төсегінің астында түні бойы тығылған, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Оқиға Дорал қаласындағы Provident Doral қонақүйінде болған. Жұп бөлмеге орналасып, артқы жылжымалы шыны есіктің жалюзиін жауып, ұйықтауға жатты. Түнде әйел төсек маңындағы біртүрлі қозғалыстан бірнеше рет оянып, алайда оған мән бермеген. Таңғы 7:30 шамасында кетер алдында төсек астын тексеріп, ол сонда бейтаныс адамды байқаған.
Полицейлер анықтағандай, Ричел Кальвер есімді қылмыскер бөлмеге балкон қоршауынан асып кірген. Ол жылжымалы есік арқылы байқатпай ішке кіріп, жұптың төсегінің астында түні бойы жатқан. Бұған дейін күдікті осы қонақүйде тұрғаны, бірақ шығарылғаннан кейін менеджмент оған аумаққа қайта келмеуді өтінгені белгілі.
Құқық қорғау органдарының қызметкерлері ер адамды төсек астынан тауып, қамауға алды. Кальверге адамдар тұрған тұрғын үй-жайға ұрлық үшін кіргені және полиция қызметкеріне күш қолданбай қарсылық көрсеткені бойынша айып тағылды. Қазір ұсталған адам түзеу орталығында отыр.


