Апаттық дабыл берген FlyDubai әуекомпаниясы ұшағының бір пилоты ұшу кезіндегі шабуылдан кейін пышақ жарақатынан қаза тапқан болуы мүмкін, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ агенттігі «Известия» басылымына сілтеме жасап, ол өз кезегінде Walla атты израильдік басылымға сілтеме жасағанын хабарлайды. Аталған ұшақ Сауд Арабиясына шұғыл қонған. Расталмаған деректерге қарағанда, бір пилот шабуылдан кейін пышақ жарақатынан қаза тапқан болуы мүмкін.
«Расталмаған хабарламаларға сәйкес, әуеде пышақ жарақатын алған пилот ұшу барысында қаза тапты», — делінген хабарламада.
Бұған дейін БАҚ-та Boeing 737 жолаушылар ұшағы Сауд Арабиясы үстінен бұрылыс кезінде апаттық дабыл бергені туралы ақпарат пайда болды. Ол ұшақты ұрлауды немесе заңсыз араласуды білдіретін 7500 кодын жіберген.
Израиль Әскери-әуе күштерінің истребительдері ұшаққа қарай көтерілді. Кейін әуе кемесінің Сауд Арабиясына қонғаны белгілі болды.
Содан кейін Flydubai әуекомпаниясы израильдік телеарнаға Дубай — Тель-Авив рейсінде ұшақ бортында пилоттар арасында төбелес болғанын хабарлады. Жергілікті БАҚ экипаж екі пилоттан тұрғанын, біреуі Ресейден, екіншісі Украинадан екенін мәлімдеді.
Израиль премьер-министрі Биньямин Нетаньяху кеңсесінде апаттық дабыл берген FlyDubai әуекомпаниясы ұшағындағы төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді.
Кейінірек ұшақтан түсірілген алғашқы кадрлар, сондай-ақ қону кезінде түсірілген бейнелер пайда болды. Жолаушылар қону барысында ән салып, қол соққан.
Сондай-ақ FlyDubai әуекомпаниясы ұшағы пилоттарының азаматтығы туралы тағы бір нұсқа айтылды. Ресей және Украина азаматтығы туралы нұсқадан кейін пилоттардың Оман және БАӘ азаматтығы бар екені туралы деректер пайда болды.


