Францияда бірнеше күннен бері тынбаған оқу орындары алдындағы жоғары сынып оқушыларының наразылығы кезінде бір жасөспірім ауыр жарақат алды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлағандай, басылым Па-де-Кале департаментінің префекті Франсуа-Ксавье Лоштың француздық BFMTV телеарнасы жариялаған мәлімдемесін келтіреді. Ланс қаласындағы лицейлердің бірінің жанындағы наразылық барысында полицейлермен қақтығыс кезінде оқушы қолының бір бөлігінен айырылғаны хабарланды.
«Қолы үзіліп кеткен жас жігіт Лилльге ауруханаға жатқызылды, оның өміріне ешқандай қауіп төніп тұрған жоқ», — деп хабарлайды арна.
Зардап шеккен лицей оқушысы 15 жаста. Оқушының қолын өзі көтеріп алған полицей гранатасы үзіп кеткен болуы мүмкін деп болжанады.
Еске салайық, қыркүйек айының соңында Францияны жоғары сынып оқушыларының наразылығы шарпыды — бір апта бойы оқушылар оқу орындарын бөгеп жатыр. 600-ден астам адамның ұсталғаны хабарланған болатын.
Би-би-сидің орыс қызметі тәртіпсіздіктер барысында 65 мектеп қызметкері, оның ішінде 40 мектеп директоры жарақат алғанын жазды. Сонымен қатар жаппай наразылық Бельгияға да тарады — акциялар елдің екі қаласында өтті.


