Францияда жоғары сынып оқушыларының наразылығы бір аптадан бері жалғасып жатыр: оқушылар оқу орындарын бөгеп, шаралар тәртіпсіздікке, өрт қоюға және құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен қақтығысқа ұласты. Франция ІІМ дерегінше, 160-тан астам адам ұсталды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ жергілікті БАҚ-қа сілтеме жасаған РИА Новостиге сілтеме жасап хабарлауынша, наразылық 180-ге жуық оқу орнында өткен. Шаралар негізінен Париж аймағын қамтыды, сонымен қатар Лилль, Лион, Гренобль және Ницца сияқты ірі қалаларда да байқалды.

Жоғары сынып оқушылары сабақ кестесінің тым ауырлығына, мұғалімдердің жетіспеуіне және білім саласындағы басқа да мәселелерге наразылық білдіруде.

Дүйсенбіде Франция ІІМ басшысы Лоран Нуньес наразылық шаралары барысында елде 164 адам ұсталғанын мәлімдеді.

Ол барлығы оқушылар 27 мекемені бөгеп тастағанын, бұл құқық қорғау органдарының араласуын талап еткенін нақтылады. Сондай-ақ тағы 50 мектептің кіреберісін жабуға әрекет жасалды. Қалған мекемелердің маңында түрлі оқиғалар тіркелді, оның ішінде залал келтіру және полицейлерге шабуыл жасау деректері бар.

Алдын ала деректер бойынша, 12 полицей, 8 оқытушы, оның ішінде 3 директор, және шамамен 12 оқушы зардап шекті.