Францияның ішкі істер министрі Лоран Нуньес елдегі орман өрттерінің аумағы 115 мың гектарға жетіп, бұрынғы 98 мың гектарлық рекордтан асып түскенін хабарлады. Бұл туралы infohub.kz сайты мәлімдеді.

Биылғы жылы Францияда аномальды ыстық салдарынан ірі орман өрттері орын алды. Президент Эммануэль Макронның айтуынша, ел Екінші дүниежүзілік соғыстан бері ең көп табиғи өртке тап болған.

Бұған дейін Франция билігі оңтүстік-батыс жағалаудағы Кап-Ферре мүйісінен тұрғындарды толық эвакуациялау туралы бұйрық бергені хабарланған болатын. Ондаған мың тұрғын мен туристің қауіп-қатерге ұшырауы мүмкін еді. Ірі өрттер Испанияны да шарпыды, ал Макрон басқа мемлекеттердің басшыларына көмек сұрап жүгінді.