Франция Ішкі істер министрлігі қасақана немесе кездейсоқ өрт қоюға күдікті 400-ден астам адамның ұсталғанын хабарлады, деп мәлімдейді infohub.kz сайты.

Ведомствоның дерегінше, 420 адам қамауға алынған, оның ішінде 166 кәмелетке толмаған. Бір жағдайда, өткен айда Вар департаментінің оңтүстік-шығыс бөлігінде 23 жастағы ер адам бес күн ішінде 10 ғимаратты қасақана өртеді деп айыпталуда. Кінәсі дәлелденсе, оған 15 жыл бас бостандығынан айыру және 150 мың еуро айыппұл салынуы мүмкін.

Тағы да көптеген адам сотталып, дереу үкім шығарылды. Мысалы, Вогездегі Раон-Л'Этап ауданында үш орманды өртегені үшін бір ер адам үш жылға бас бостандығынан айырылды.

BBC журналистері сот істерінің шамадан тыс қатал және әділетсіз деп қабылданғанын атап өтеді. Үйсіз адам мен ауыр аутизмі бар адам темекі тұқылын тастағаны үшін түрмеге қамалғаны хабарланады.

Франция ІІМ нақты айыптаулар, атап айтқанда, айыпталушылардың қасақана әрекеті туралы түсінік бермейді. Алайда Бордо прокуроры Рено Годель қалыптасқан жағдайда қатаң тәсілдің орынды екенін мәлімдеді.

«Орманды жерде темекі тұқылын тастаған немесе мангал жаққан адамдарға өмірге қауіп төндіру айыбын қою шарттары орындалады. Бір кішкентай ұшқынның өзі өрт тудыруы мүмкін», — деді ол.