Франция президенті Эммануэль Макрон Сауд Арабиясына француз әскерилерін жіберуге ниетті екенін мәлімдеді. Олар мұнай өңдеу зауыты мен шикі мұнай Қызыл теңіздегі Янбу портына қарай ағызатын құбырды қорғайды, деп хабарлайды infohub.kz сайты.

NUR.KZ РБК-ге сілтеме жасап хабарлағандай, Макрон бұл мәлімдемені Париждің жоспарларын түсіндіру барысында жасады. The Wall Street Journal дерегінше, әңгіме Сауд Арабиясының мұнай инфрақұрылымының стратегиялық маңызды нысанын қорғауға көмектесу туралы болып отыр.

«Біз әскери құралдарды, яғни сарбаздарды, радиолокациялық жүйелер мен қорғаныс жүйелерін жіберіп, осы нысанды қорғаймыз. Париж ешқандай қақтығысқа араласпайды. Шешім сауд билігімен келісілді», — деді Макрон.

Янбу порты Иранмен соғыс басталғаннан бері Еуропаға дизель отынын, шикі мұнай мен басқа да мұнай өнімдерін жеткізудің негізгі тораптарының бірі саналады. Ол сауд экспортына Ормуз бұғазын айналып өтуге мүмкіндік береді.

Тамызда Макрон Сауд Арабиясының мұрагер ханзадасы Мұхаммед бин Салманмен кездесіп, екі көшбасшы бірқатар стратегиялық келісімге қол қойған.

Еске салайық, бұған дейін Сауд Арабиясының Энергетика министрлігі бірнеше шабуылдан кейін «Шығыс — Батыс» мұнай құбырының Медина мен Эр-Рияд аудандарындағы учаскелеріндегі жұмысын тоқтатқан.

Бүгін хуситтер Йеменге жасалған соққыларға жауап ретінде Эр-Рияд пен Сауд Арабиясының батысындағы Янбу қаласындағы маңызды нысандарға шабуыл жасағанын мәлімдеді.