Францияның қорғаныс министрлігіндегі делегат-министр Алис Рюфо Францияның әскери қызметтегі сарбаздары Украина аумағында жүргенін ресми түрде растады, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
NUR.KZ агенттігі РБК-ге сілтеме жасап, ресейлік агенттік француздық Le Figaro басылымының материалын аударып бергенін жеткізді. Жарияланымда республиканың Қарулы күштері жөніндегі делегат-министрі Алис Руфо француз әскерилері ұрыс қимылдарына тікелей қатыспайтынын мәлімдегені нақтыланады.
«Шынында да, Украинада қорғаныс миссиясымен (Францияның) тығыз ынтымақтасатын үйлестіру құрылымы бар, ол жеке тәртіппен мақсатты жаттығулар өткізуге, сондай-ақ техникаға техникалық қызмет көрсету мен жөндеу жүргізуге мүмкіндік береді», — деп келтіреді оның сөзін Le Figaro.
Ресейлік басылым француздық RFI радиосының ақпаратына сілтеме жасап, Франция әскерилері кемінде 2026 жылдың жазынан бері Украина аумағында жасырын жүргенін атап өтеді. Сөз француз генералы басқаратын Volia жасырын миссиясы туралы болып отыр. Ол украин сарбаздарын оқыту мен техникаға қызмет көрсетуді қамтитын «қысқа мерзімді міндеттерге арналған шағын топтардан» тұрады.


