Францияның денсаулық сақтау министрлігі жазғы маусымның қорытындысын шығарды: аномальды ыстық 7 мыңнан астам адамның өліміне себеп болды. Бұл туралы infohub.kz сайты хабарлайды.

Францияның денсаулық сақтау министрі Стефани Ристтің мәлімдеуінше, шілде айының соңына қарай елде бірнеше ыстық толқынына байланысты 7 мың адамның артық өлімі тіркелген. Ол телеарна эфирінде елдің денсаулық сақтау жүйесі жүктемеге төтеп беріп жатқанын, алайда жоғары температураның құрбаны болып негізінен ірі қалаларда тұратын жалғызбасты адамдар қалып жатқанын атап өтті.

Министр сонымен қатар елеулі салдарға қарамастан, Франциядағы өлім көрсеткіші Германиядағыдан төмен екенін айтты. Бұған дейін БАҚ Еуропада биылғы жазда аномальды ыстықтан кемінде 35 мың адам қаза болуы мүмкін деп хабарлаған еді.