Франция Еуропа Одағында 15 жасқа дейінгі балаларға әлеуметтік желіде аккаунт ашуға тыйым салатын заң қабылдаған алғашқы ел болды. Тыйым 2026 жылдың 1 қыркүйегінен бастап күшіне енуі мүмкін, деп хабарлайды infohub.kz сайты.
Заң жобасы Ұлттық жиналыс пен Сенатта мақұлданды, енді оған президент Эммануэль Макрон қол қоюы керек. Құжат сонымен қатар әлеуметтік платформаларға 2027 жылдың 1 қаңтарына дейін 15 жасқа толмаған пайдаланушылардың аккаунттарын жоюды тапсырады. Сонымен қатар, заң мектептің жоғары сыныптарында ұялы телефондарды пайдалануға тыйым салады.
Жаңа талаптарға сәйкес, әлеуметтік желілер француздың дербес деректерді қорғау жөніндегі реттеушісінің нормаларына сәйкес жас тексеру тетіктерін енгізуге міндетті. Ол үшін Еурокомиссияның бастамасымен әзірленіп, ЕО-ның бірқатар елдерінде сыналған қосымша қолданылуы мүмкін.
Бұған дейін Еурокомиссия басшысы Урсула фон дер Ляйен кәмелетке толмағандар үшін бүкіл Еуропада әлеуметтік желілерге жас шектеулерін енгізуді ұсынған еді. Оның ұсыныстары 13 жасқа дейінгі балаларға толық тыйым салуды және үлкен жасөспірімдерге шектеулерді қарастырды.


