АҚШ-тың Федералдық сауда комиссиясы (FTC) және 22 штат Amazon интернет-дүкенін жарнама тұтынушыларын алдады деп айыптап, сотқа шағымданды. Бұл туралы AP News хабарлады.

Вашингтонның Батыс округінің федералдық сотына берілген талап-арызда Amazon 1,2 миллион жарнама тұтынушысын онлайн жарнама аукциондарының бағасы туралы жаңылыстырып, артық ақша алғаны айтылған. Компания бірнеше жарнама өнімдеріне бәсекеге қабілетті баға ұсынатынын мәлімдеген, бірақ іс жүзінде аукцион бағасын жасанды түрде көтерген.

FTC төрағасы Эндрю Фергюсон: «Әлемдегі ең ірі интернет-дүкендердің бірі әділетсіз және алдамшы әрекеттерге барғанда, оның салдары орасан зор болуы мүмкін. Amazon-ның миллиондаған жарнама тұтынушысы алданып, айтарлықтай жоғары баға төлеуге мәжбүр болды», — деді.

Amazon өз кезегінде блогында FTC «бірнеше жеңілдетілген хабарламаларға сүйеніп, компанияның жалпы алдау әрекетін айыптап отыр» деп жазды. Компания айыптауларды «мүлдем жалған» деп атады.